12.02.2018, 20:55 5544

Visit Almaty "Алматы 72" деп аталатын жаӊа туристік бағдарлама жасап шығарды

Алматы қаласыныӊ туристік ақпараттық орталығы "Алматы 72" деп аталатын жаӊа туристік бағдарлама жасап шығарды.Бұл бағдарлама,Алматыға келген туристердіӊ 72 сағатқа немесе одан да көп уақытқа дейін саяхатына арналған

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ туристік ақпараттық орталығы "Алматы 72" деп аталатын жаӊа туристік бағдарлама жасап шығарды.Бұл бағдарлама,Алматыға келген туристердіӊ 72 сағатқа немесе одан да көп уақытқа дейін саяхатына арналған.Алматыға келген әрбір туристтіӊ қолына әмбебап тізім ұсынылады және саяхат барысында 72 сағат, яғни 3 күн қалада мыӊдаған ұмтылмас әсер қалдырады. Тізімніӊ ішіне,Алматы қаласыныӊ басты көрікті жерлері кіреді. Олар: Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ шаӊғы орталығы, Көк базар,мұражайлар және т.б. Туристерге қазақтыӊ ұлттық тағамдары мен қатар әлемге әйгілі Алматы апортынан дәм татуға болады. Барлық шетелдік туристердіӊ 100% ақпараттандыру үшін шекаралық және кедендік бақылауды өту кезінде туристерге арналған тізім көрсетілген паспортқа салынады."Алматы 72" бағдарламасы үш тілде жарық көріп, әуежайда, теміржол станцияларында, Visit Almaty ақпараттық стендтерінде және орталықтыӊ серіктестерініӊ 40-тан астам нүктелерінде тегін таратылады.

Құрылу уақытыныӊ бір жылға жетпегеніне қарамастан ТАО (Туристік Ақпарат орталығы), туристерді тарту нүктесі болуымен қатар, Алматы қаласындағы қызмет көрсету орталықтары мен қала көлеміндегі іс-шаралар туралы маӊызды ақпарат таратушы болуда. Алматы қаласыныӊ Туризм басқармасы негізінде DMO (Destination Management Organization) стандарттарға сәйкес ұйымдастырылған. Туристік ақпараттық орталығы Алматы облысындағы жалғыз басқарушы кеӊсесі болып табылады. Оныӊ міндеті - қаланыӊ туристік әлеуетін дамыту және туристерді тарту.Сонымен қатар, Visit Almaty өз алдына зерттеу орталық болып есептелінеді.

Visit Almaty ТАО-ныӊ директоры, Камила Лукпанова: "2017 жылы, біз Алматы қаласында туризмді дамыту қабілеттілігі бойынша зерттеу жүргізілдік. Оныӊ нәтижесі бойынша туристік нарық қатысушылары үшін ұсынымдар мен бірқатар міндеттемелер "100 қадам" деп аталатын жобада бекітілді. Бұл маркетингтік жоспарды әзірлеуден бастап әуежайдыӊ көрінісін жақсартумен аяқталатын,Алматы қаласындағы туризмді дамыту үшін маӊызды қадамдар болып табылады. Біз 30 мыӊнан астам туристік объектілердіӊ толық тізімін жасадық.2017 жылдыӊ басты жетістіктері ретінде Visit Almaty ТАО-ныӊ (Туристік Ақпарат Орталығы) UNWTO (Дүниежүзілік Туристік Ұйым) мен келісім жасауы болып табылады. Бұған қоса, өткен жылы Алматыда Euronews, Eurosport және BBC-мен 50 миллионнан астам көрерменді қамтыған жарнама науқаны бастады".

Алматыны халықаралық туристік бағыт ретінде алға жылжыту бойынша жұмыстар жүргізілді, www.vistalmaty.kz сайты іске қосылды, әлеуметтік желілерде аккаунттары ашылды. Сайттыӊ негізінде бірегей іс-шаралар күнтізбесі жасалды, алматылықтар мен туристер қаланыӊ қызықты оқиғалары туралы білетін болады. Сонымен қатар, саяхатшыларға арналған TripАdvisor атақты халықаралық платформамен ынтымақтастық басталды.

Өткен жылы Visit Almaty халықаралық баспасөз және блог турларыныӊ қатысушыларын - шетелдік журналистерді, пікір көшбасшысыларды қабылдады. Aлматыныӊ туристік әлеуеті туралы материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында шықты. Бұдан басқа, Ақпарат орталығы саяхатшылар мен туристер үшін жаӊа пайдалы қызметтерді іске қосты. Бұл тегін карталар, туристік гидтер, туристер әрдайым қоӊырау шалу үшін WiFi функциясы бар маршрутизаторларды жалға алу.

2018 жылы Visit Almaty командасы Алматыны алға жылжыту стратегиясын жүзеге асыру және туристерге арналған бірегей қала ұсынысын әзірлеу бойынша жұмысын жалғастырады. Бірнеше ауқымды іс-шаралар жоспарланған, халықаралық көрмелер мен роуд-шоуларға қатысуы, корпоративтік сайттыӊ нұсқасын іске қосу.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны