05.07.2018, 20:47 4026

"Viva l'opera" концертінде әйгілі вокалистер өнер көрсетпек

Ийгілі вокалистер, "Астана Опера" театрыныӊ жетекші солистері Медет Шотабаев пен Барсег Туманян шақырылған солист - атақты әнші Вардуи Хачатрянмен (Швейцария) бірге "Viva l'opera" концертінде өнер көрсетпек.

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today - Ийгілі вокалистер, "Астана Опера" театрыныӊ жетекші солистері Медет Шотабаев пен Барсег Туманян шақырылған солист - атақты әнші Вардуи Хачатрянмен (Швейцария) бірге "Viva l'opera" концертінде өнер көрсетпек. Музыкалық кеш 11 шілде күні Камералық зал сахнасында өтеді. Фортепиано партиясында - Мәдениет қайраткері Елена Сахно.

Медет Шотабаев, Барсег Туманян және Вардуи Хачатрян елорда тұрғындары мен қала қонақтарына итальяндық опера классикасыныӊ үздік үлгілерін ұсынбақ. В.Беллинидіӊ "Норма" операсынан Норма ариясы, Ф.Чилеаныӊ "Адриана Лекуврер" операсынан Адриана ариясы, Дж.Россинидіӊ "Севильдік шаштараз" операсынан Розина мен Базилионыӊ ариясы және "Семирамида" операсынан Семирамида ариясы, Дж.Пуччинидіӊ "Тоска" операсынан Тоска мен Каварадоссидіӊ ариясы мен дуэті, "Джанни Скикки" операсынан Лауретта ариясы, Дж.Вердидіӊ "Трубадур" операсынан Леонора ариясы, "Сицилиялық кешкілік" операсынан Елена мен Прочида ариясы, "Тағдыр күші" операсынан Леонора ариясы, "Травиата" операсынан Үстел басындағы ария шырқалады.

Сонымен қатар кеш бағдарламасына Ж.Массненіӊ "Вертер" операсынан Вертер ариясы, А.Томныӊ "Миньон" операсынан Филина ариясы, Ш.Гуноныӊ "Фауст" операсынан Мефистофель серенадасы, "Ромео мен Джульетта" операсынан Джульетта ариясы сынды француз композиторларыныӊ опера ариялары енген.

Концерттіӊ әрбір қатысушысы әлемдік танымалдылыққа ие. Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, көптеген мәртебелі халықаралық байқаулардыӊ лауреаты Медет Шотабаев әлемніӊ айтулы сахналарында басты партияларды сәтті орындап жүр. Оныӊ есімі туған жері мен шетелдегі, атап айтқанда, Италия, Франция, Австрия, Швейцария, Бельгия, Нидерланды, Финляндия, Румыния, Словакия, Бразилия, АҚШ, Канада және өзге де елдердіӊ классикалық өнер сүйер қауымына кеӊінен танымал. Осы жылдыӊ қаӊтар айында "Астана Операныӊ" жетекші солисі Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ мемлекеттік стипендиясына ие болды. Италия мен Қазақстан арасында мәдени байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін Медет Шотабаев Италия Жұлдызы Орденініӊ Кавалері атанды.

Кеш қонағы Вардуи Хачатрян - көптеген беделді вокалдық байқаулардыӊ лауреаты, олардыӊ қатарында Афинадағы (Грекия) М.Каллас атындағы халықаралық опера әншілері байқауыныӊ Гран-приі, М.Кабалье атындағы халықаралық опера әншілері байқауыныӊ бірінші сыйлығы (Андорра), Италия, Испания, Бельгиядағы халықаралық байқаулардағы жеӊісі бар. Иншініӊ репертуары жеті тілдегі опералар, оперетталар, ораториялар, камералық музыкадан құралған.

"Астана Опера" театрыныӊ жетекші солисі, Арменияныӊ Халық әртісі Барсег Туманянға Вена, Мюнхен, Гамбург, Бонна, Бостон, Лос-Анджелес, Каракас (Венесуэла), сонымен қатар Еуропа, Канада, АҚШ және Австралия қалаларында қошемет көрсеткен. Барсег Туманян Еуропа академиясыныӊ (Ганновер), Халықаралық табиғат және қоғам жөніндегі ғылым академиясыныӊ мүшесі болып табылады. 2003 жылы Халықаралық рыцарь (Германия) мәртебесіне ие болды, Халықаралық рыцарьлар қоғамыныӊ мүшесі.

Концерт авторы, фортепиано партиясын орындаушы Мәдениет қайраткері Елена Сахно - "Астана Опера" театры опера труппасыныӊ аға концертмейстері. Мәдениет және өнер саласына сіӊірген еӊбегі, Қазақстан мен Ресей халықтары мәдениеттерін жақындастырғаны үшін Елена Сахноға Ресей Федерациясыныӊ Мемлекеттік марапаты - Пушкин медалі ұсынылды. Тамаша пианист әрі педагог - әрқашан аншлагпен өтетін керемет концерттердіӊ ұйымдастырушысы.

Басталуы сағат 19:00-де.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны