28.04.2017, 18:26 5300

Вокалист әншілер мен дирижерлар бақ сынасқан республикалық байқауда бас жүлдені Астана қаласы мен Қызылорда облысыныӊ өнерпаздары қанжығалады

Талдықорғанда Мұқан Төлебаев атындағы республикалық байқау мәресіне жетті. Вокалист әншілер мен дирижерлар бақ сынасқан додада бас жүлдені Астана қаласы мен Қызылорда облысыныӊ өнерпаздары қанжығалады.

Қызылорда. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Талдықорғанда Мұқан Төлебаев атындағы республикалық байқау мәресіне жетті. Вокалист әншілер мен дирижерлар бақ сынасқан додада бас жүлдені Астана қаласы мен Қызылорда облысыныӊ өнерпаздары қанжығалады.

Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасыныӊ ұйымдастыруымен М.Төлебаев атындағы ІV Республикалық "Алтын таяқша" дирижерлер, "Кестелі орамал" вокалистер байқауы өз мәресіне жетіп, гала-концерт өтті.

Шараға екі аталым бойынша 29 үміткер қатысты.

Қазылар алқасыныӊ мүшелігінде Өзбекстан Республикасыныӊ халық әртісі, профессор, дирижер Фарух Сыдықов, ҚР Еӊбек сіӊірген қайраткері, профессор, дирижер Или Алпысбаев және ҚР Еӊбек сіӊірген қайраткері, профессор Азамат Жылтыркөзов сынды музыка саласыныӊ майталмандары бар.

Байқау қорытындысы бойынша дирижерліктен астаналық Ернар Нұртазин лауреат атанып, бас жүлде алды. Ал дәл осындай аталымныӊ вокал номинациясы бойынша жеӊімпаз атанған Азат Мәлік есімді қызылордалық өнерпаз болды. Сонымен қатар, байқауға қатысқан барша өнерпаздарға арнайы диплом мен ақшалай сый-сияпат табысталды.

Дирижерлер арасында арнайы жүлдемен (20 000 теӊгені) Алматы облысынан Жексембаев Самат, Астана қаласынан Сарыбай Берік пен Атырау облысынан Джумашева Сая жеӊіп алды. Дәл осы номинация бойынша жүлдені астаналық вокалистер арасында Избамбетов Алмат пен Жетісу жерінен Мырзабеков Бауыржан да марапатталды.

ІІІ орын мен 50 000 теӊге көлеміндегі жүлдені дирижерлер арасында Маӊғыстау облысынан Мұратов Илібек пен алматылық Мендалиев Айдос жеӊді. Вокалистердіӊ ішінен осы марапатпен павлодарлық Сабиров Нұрсұлтан, Алматы облысынан Такебаев Жомарт пен астаналық Абдуллаева Жадыра иеленді.

Ал, жүлделі 100 000 теӊге сыйапатымен ІІ орынды вокалистер арасында Алматы қаласынан Жармағамбетов Расул мен Оӊтүстік Қазақстан облысынан Қаӊтарбаев Жұмабек жеӊіп алды. Дирижерлер арасынан алматылықтар Тойболдиев Мадияр мен Тлепбергенов Абылай иеленді.

І дәрежелі диплом мен 400 000 тенгені дирижерлер арасынан Оӊтүстік Қазақстан облысынан келген Исмаилов Қуаныш алса, вокалистерден астаналық Тыныштық Шахризада иеленді.

Байқау қорытындысында Алматы облысы әкімініӊ бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов жүлдегерлерді марапаттап тұрып: "Бұл байқауға қатысқан өнерпаздардыӊ қай-қайсысы да өз мықтылығын көрсетті. Солардыӊ ішіндегі бағы мен бабы қатар келген қатысушылар өз марапаттарын алып жатыр. Келесі жылы сіздерді байқауға келіп, қайтадан бақтарыӊызды сынауға шақырамыз", - деп сөзін аяқтады.

Республика дирижерлерініӊ кәсіби шеберлігін арттыру, пікір алмасу, қазақ халқыныӊ ән, күй туындыларыныӊ бәсекелестік әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шара өнерпаздардыӊ ән өнерін дамыту, жас талант иелерін іздеу, жастар арасында әншілік өнердіӊ кәсіби деӊгейге көтерілуіне жол ашуға септігін тигізеді.

Дирижерлер

Арнайы жүлде - (20 000 теӊгеден)

1. Жексембаев Самат - Алматы облысы - 20 000 тг

2. Сарыбай Берік - Астана қаласы - 20 000 тг

3. Джумашева Сая - Атырау облысы - 20 000 тг

ІІІ орын - (50 000 теӊгеден)

1. Мұратов Илібек - Маӊғыстау облысы - 50 000 тг

2. Мендалиев Айдос - Алматы қаласы - 50 000 тг

ІІ орын - (100 000 теӊгеден)

1. Тойболдиев Мадияр - Алматы қаласы - 100 000 тг

2. Тлепбергенов Абылай - Алматы қаласы - 100 000 тг

І орын - (400 000 тг)

1. Исмаилов Қуаныш - Оӊтүстік Қазақстан облысы - 400 000 тг

Бас жүлде - (600 000 тг)

1. Нұртазин Ернар - Астана қаласы - 600 000 тг

Барлығы: 1360 тг

Вокалистер

Арнайы жүлде - (20 000 теӊгеден)

1. Избамбетов Алмат - Астана қаласы - 20 000 тг

2. Мырзабеков Бауыржан - Алматы облысы - 20 000 тг

ІІІ орын - (50 000 теӊгеден)

1. Сабиров Нұрсұлтан - Павлодар облысы - 50 000 тг

2. Такебаев Жомарт - Алматы облысы - 50 000 тг

3. Абдуллаева Жадыра - Астана қаласы - 50 000 тг

ІІ орын - (100 000 теӊгеден)

1. Жармағамбетов Расул - Алматы қаласы - 100 000 тг

2. Қаӊтарбаев Жұмабек - Оӊтүстік Қазақстан облысы - 100 000 тг

І орын - (400 000 тг)

1. Тыныштық Шахризады - Астана қаласы - 400 000 тг

Бас жүлде - (600 000 тг)

1. Мәлік Азат - Қызылорда облысы - 600 000 тг

Барлығы: 1390 тг

Жүлде қоры: 2750

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны