06.10.2022, 16:07 19786

Қырғызстан аумағында заңсыз жүрген бес кәмелетке толмаған қазақстандықты Отанына қайтарды

Қырғызстан аумағында заңсыз жүрген бес кәмелетке толмаған қазақстандықты Отанына қайтарды
Сурет: pixabay.com
АСТАНА. 6 ҚАЗАН - ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бес баланы елге қайтарды. Еліміздің кәмелетке толмаған азаматтары Қырғызстанда заңсыз жүрген, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2022 жылдың басынан бері Қырғыз Республикасынан 3 қыз және 2 ұл елге қайтарылды", - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

 
2011 жылы туған қыз Қырғызстанның Панфилов ауданында заңсыз болған. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, баланың анасы көрші мемлекетке барып, қызын тәрбиелеуге тиісті құжаттарды ресімдемей, бейтаныс адамдарға тапсырған. Бала жақын туысының өтініші бойынша Қазақстанға қайтарылды.
 

Сондай-ақ 2009 және 2011 жылдары туған әпкесі мен інісі Бішкекте болған. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдары арқылы балаларды елге қайтару қажеттілігі туралы өтініш келіп түсті. Тағы бір жағдай 2010 және 2015 жылы туған ағасы мен қарындасы Қырғыз Республикасының Ош облысының Қара-Суй ауданында болған. Балалар туыстарында заңсыз болған және олар анасының өтініші бойынша елге қайтарылды", – деді ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев.

 
Іс-шара барысында кәмелетке толмағанның барлығы Алматы қаласындағы Балаларды қолдау орталығына жеткізілді. Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес балаларды туыстарына беру жұмыстары аяқталды/немесе жүргізіліп жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны