03.08.2006, 11:20 3305

Заңсыз еңбек мигранттарын легализациялау нәтижесінде Маңғыстау облыстық бюджеті 10 млрд. теңгеге толығады - полиция

АҚТАУ. 3-тамыз. Kazakhstan Today. Заңсыз еңбек мигранттарын легализациялау науқанын жүзеге асыру нәтижесінде Маңғыстау облыстық көші-қон полициясы облыстық бюджет салық және басқа да түсімдерден 10 млрд. теңгеге толығады деп күтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы Бөкен Жұмағалиевтің баспасөз мәслихатында хабарлағанындай, ағымдағы жылдың алғашқы жартысында облысқа ТМД және алыс шетелдерден 30 мыңнан астам азамат көшіп келген. Бұл былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 9 мыңға артық. Өңірге көбінесе Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары келуде.

"Маңғыстау өңірі аумағында жұмыс істеу мақсатымен шекарадан өтетін адамдар қажетті құжаттарды толтырғанда "келу мақсаты" деген жерге жеке сапар деп көрсетеді. Сол арқылы еңбек мигранттары мен жұмыс берушілер заңда белгіленген салықтар мен басқа да төлемдерден жалтарып, ел бюджетін біршама шығынға ұшыратуда",- деді Б.Жұмағалиев.

Оның айтуынша, 1-тамызда басталған науқан 2006-жылдың 31-желтоқсанына дейін жалғасады. Облыстық көші-қон полициясының бастығы науқан барысында егер жұмыс берушілер заңсыз жұмыскерлерін заңдастыру мүмкіндігін пайдаланбаған жағдайда оларға қатаң шара қолданылатын ескертті.

Еңбек иммигранттары үшін 19 мың 244 көші-қон карточкалары әзірленді. Сонымен бірге облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасы легализациялау процессі туралы түсініктеме беретін арнаулы хабарландыру парақтарын дайындады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны