07.04.2019, 16:07 12637

Өзбекстанға бөтен адамның құжатымен өтпекші болған қазақстандық ұсталды

Сарыағаш шекара отрядының "Қапланбек" бөлімшесінде шекара наряды Өзбекстанға өту үшін тексеруге 18 жастағы Умит есімді жас жігіттің құжатын ұсынған Қазақстан Республикасының азаматын ұстады.

Нұр-Сұлтан. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Сарыағаш шекара отрядының "Қапланбек" бөлімшесінде Өзбекстанға бөтен адамның құжатымен өтпекші болған қазақстандық ұсталды.

Сарыағаш шекара отрядының "Қапланбек" бөлімшесінде шекара наряды Өзбекстанға өту үшін тексеруге 18 жастағы Умит есімді жас жігіттің құжатын ұсынған Қазақстан Республикасының азаматын ұстады. Бірақ тексере келе шекарашылар оның шын мәнінде 21 жастағы Дилшат екендігін анықтады. Әрі қарай тексеру жүргізілуде.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны