03.08.2019, 00:21 12014

Өзбекстан Республикасымен шекаралас орналасқан Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 40-тан астам ұлт өкілдері тұрады

"Ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу және болдырмау" тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Нұр-Сұлтан. 3 тамыз. Kazakhstan Today - 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті тұратын Қазақстан Республикасы бүкіл әлемді өзінің осындай қонақжайлығымен тамсандырып, ынтымақ-бірлігімен танылған бірден-бір мемлекет деп айтсақ қателеспейміз.

Десекте, кейбір жағдайларда, болмайтын дүние үшін түрлі ұлт өкілдері арасында келіспеушіліктер болатыны жасырын емес. Соның ішінде Өзбекстан Республикасымен шекаралас орналасқан Сарыағаш ауданында ұлтаралық қақтығыстар кезінде болған. Сондықтан, аудан көлемінде ұлтаралық келіспеушіліктерді болдырмау және алдын алу мақсатында іс-шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Полицейлер, жергілікті әкімдік қызметкерлері, ауыл ақсақалдары және қоғам белсенділері бірлесіп, жан-жақты талқылаулар ұйымдастыруда.

Осы мақсатта 24 шілдеде Түркістан облысы Полиция департаменті мен Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының "Этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылық бағытында өзара іс-қимылды нығайту жөнінде 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар" жоспарына сәйкес, Сарыағаш аудандық Полиция бөлімінің мәжіліс залында бөлім басшыларымен бірге жеке құрамның қатысуымен, "Ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу және болдырмау" тақырыбында семинар-кеңес өткізілд".

Іс-шарада "Қоғамдық келісім" КММ Сарыағаш ауданының филиал басшысы Нұралы Тоғызбаев "Ұлтаралық қақтығыстарды болдырмау" тақырыбында баяндама жасады. Өткізілген семинар кеңесте:

- Аудан көлемінде түнгі уақыттарда жасөспірімдердің топ болып жүру деректерін алдын алу және осылай жүретін жасөспірімдердің ата-аналарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

- Ақша айырбастау пункттерінде түнгі мезгілде жүретін азаматтардың арасында болатын қақтығыстардың алдын алу;

- Ұлтаралық кикілжіңдердің алдын алу мақсатында жергілікті әкімшілік қызметкерлерімен, ауыл билерімен сол аймақтарға бекітілген медиаторларымен тығыз қарым-қатынаста бірлесіп жұмыс атқару;

- Ұлтаралық қақтығыстарды болдырмау мақсатында семинар-кеңес, жиналыстар өткізу, қосымша түсіндірме жұмыстарын жүргізу

- Ауылдарға бекітілген медиаторларды (татуластырушы) қызметтік бөлмелермен қамтамасыз ету, олардың іс-шарасындағы рөлін ұйымдастыру қажет екендігін көрсету, - секілді мәселелер қаралып, қатысушылар тарапынан талап-тілектер тыңдалды.

Семинар-кеңесте қатысушылардың ой-пікірлері тыңдалып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Жалпы 40-тан астам ұлт өкілдері тұратын Сарыағаш ауданында 9 ұлттық этно-мәдени бірлестіктер қызмет атқарады. Алдағы уақытта да аудандық полицейлер осы жағдайға қатысты барлық мекемелермен тығыз қарым-қатынас орнатып, тыныштықты күзетіп, осы тұрғыдағы іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрмақ.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны