19.09.2006, 14:39 3068

Жалған дипломмен жұмыс істеп келген Алматыдағы бір мектептің оқу ісінің меңгерушісіне 180 сағат қоғамдық жұмыстарды атқарып шығуға жаза жүктелді

АСТАНА. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today. Прокуратура қызметкерлерінің күшімен жалған дипломмен жұмыс істеп келгендігі анықталған Алматыдағы №73 орта мектеп директорының бұрынғы орынбасарына соттың шешімімен 180 сағат қоғамдық жұмыстарды атқарып шығуға жаза жүктелді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жылдың басында Бостандық аудандық прокуратурасына №73 мектептің ата-аналарының атынан шағым түсіп, онда ата-аналар бастауыш мектептің оқу ісі меңгерушісінің дипломын тексеруді сұраған.

Прокуратураның тексеруі нәтижесінде №73 орта мектеп директорының орынбасары қызметіне тағайындалған кезде әлгі әйелдің бір белгісіз адаммен келісу арқылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті берген жоғары білім игергендігі туралы жалған дипломды пайдаланғаны анықталды.

Бостандық аудандық прокуратурасы бұл дерек бойынша оқу ісі меңгерушісінің үстінен қылмыстық іс қозғап, оны Бостандық аудандық ІІБ-ына жолдаған. Бұдан кейін іс сотқа жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны