12.03.2012, 15:01 3521

Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен оның орынбасары қызметіне Ғали Ысқалиев тағайындалды.

Тараз. 12-наурыз. Kazakhstan Today - Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен оның орынбасары қызметіне Ғали Ысқалиев тағайындалды.

Ғали Нәжмеденұлы Ысқалиев 1970 жылы дүниеге келген, жоғары білімі бар, Батыс Қазақстан аграрлық университетін "Агроөнеркәсіп кешенінің экономикасы" мамандығы және Халықаралық бизнес академиясын "Корпоративтік менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдаған, іскерлік әкімшелендіру шебері. "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының партиялық кеңес мүшесі.

Еңбек жолын 1994 жылы "Тұран Илем Банкі" АҚ-ның Батыс Қазақстандағы бөлімшесінде несиелік бөлімнің маманы болып бастаған.

"Темірбанк" АҚ-ның Батыс Қазақстандағы бөлімшесі директорының орынбасары, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің директоры, "Градиент" АИО" АҚ-ның директоры болып қызмет атқарған. "Қазақстанның даму банкі" АҚ-ның басшылық қызметтерінде жұмыс істеген. 2011 жылдан бастап "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқармасы төрағасының кеңесшісі болды.

Бұған дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген Мейрамбек Төлепберген басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны