28.10.2016, 13:53 3728

Жамбыл облысы Меркі ауданында жаӊа емхана пайдалануға берілді

Жамбыл облысы Меркі ауданында Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына орай 250 орындық жаӊа емхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Тараз. 28 қазан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысы Меркі ауданында Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына орай 250 орындық жаӊа емхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімініӊ aаспасөз қызметі.

Нысанныӊ ашылуына аймақ басшысы, басқарма басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.

" Еліміздіӊ тәуелсіздігін алған 25 жыл ішінде денсаулық саласына үлкен көӊіл бөлінді. Денсаулық саласын қаржыландыру көлемі өсіп, 2005 жылы - 9,2 млрд. теӊге бөлінсе, 2016 жылы - 40 млрд. теӊге бөлінді, яғни 4,4 есеге өсті. Жамбыл облысы бойынша "100 мектеп, 100 аурухана салу" жобасы шеӊберінде құны 18,8 млрд. теӊгеге 6 денсаулық сақтау нысандарыныӊ құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Одан бөлек 25 жаӊа амбулатория, фельдшерлік пункттер халық игілігіне тапсырылды. Мұныӊ бәрі облыс тұрғындарыныӊ денсаулығын жақсарту мен өміршеӊдік деӊгейін арттыруға бағытталып отыр",-деді аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев.

Жаӊа емхана барлық талаптарға сай келеді. Бір мезгілде 250 адамныӊ ем қабылдауға мүмкіндігі бар. 579 478 мыӊ теӊгеге қажетті құрал-жабдықтар алынған.

-Жасым 70-тен асты. Еӊбек ардагерімін. Бүгін ауданымызда мынандай сән-салтанаты жарасқан жаӊа емхананыӊ ашылғанына өте қуаныштымын. Бұл біз сияқты қарттарға да жасалған қамқорлық деп ойлаймын. Жас кезімізде мұндай ғмараттар, құрылғылар өте аз еді. Енді міне бәрі қолжетімді. Бұныӊ бәрі елміздіӊ дамып, өркендеп келе жатқандығыныӊ, Тәуелсіздігіміздіӊ арқасы. Бар мүмкіндікті жасап жатқан Елбасымызға алғысым шексіз,-деді аудан тұрғыны Дәуіт Қадірханов.

Мұнан соӊ облыс басшысы Меркі ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Алдымен 2017 жылы құрылысы аяқталатын Сарымолдаев ауылындағы 600 орындық жаӊа мектептіӊ құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазір қарқынды жүріп жатқан қызылша жинау науқанын да назардан тыс қалдырған жоқ. Мәселен "Сыпатай батыр" ЖШС биыл 200 га жерге балтамыр еккен. Бүгінде гектарынан 500-600 центнер өнім алуда.

Аймақ басшысы Меркі ауданындағы жұмыс сапары барысында бірқатар сауда орындарында болып, әлеуметтік маӊызы бар азық-түлік бағасын да назарға алды. Тиісті мамандарға бағаныӊ негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды. Сапар актив жиналысымен қорытындыланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны