20.04.2017, 15:54 5503

Жамбыл облысына мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер жас толымыныӊ алғашқы командасы келді

Жамбыл облысына мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер жас толымыныӊ алғашқы командасы келді. Луговой теміржол станциясында шақырылушыларды салтанатты түрде жас толым жиын әкімшілерініӊ өкілдері күтіп алды.

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Жамбыл облысына мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер жас толымыныӊ алғашқы командасы келді. Луговой теміржол станциясында шақырылушыларды салтанатты түрде жас толым жиын әкімшілерініӊ өкілдері күтіп алды.

Шақырылушылардан құралған команда Астана мен Ақмола облысыныӊ бозбалалары. Жақын арада шақырылушылардан құралған дәл осындай командалар Алматы және Қарағанды облыстарынан келеді.

Бірақ, бөлгенге дейін жаӊадан келген әскери қызметшілер бірге жас жауынгер курсынан өтеді. Жас толым жиыныныӊ әкімшілігін подполковник Дархан Үмбетов басқарды. Оныӊ міндетіне жас толыммен жұмысты үйлестіру, оларды бөлімшелер бойынша оӊтайлы бөлу мақсатында жаӊадан келгендердіӊ кәсіби және моральдық-психологиялық қасиеттерін мұқият зерделеу кіретін болады.

Мен үшін әскерде қызмет ету абыройлы іс, - дейді Астанадан келген жас жауынгер Танат Тоқсанбаев. Меніӊ әкем де ағам да мерзімді қызмет өткерген жандар. Енді меніӊ кезегім. Мен нағыз ер жігіт және патриот ретінде әскери борышымды өткеріп, Отан алдындағы парызымды атқарып, үйге абыроймен оралғым келеді.

Жас толымды іріктеу бойынша команда жетекшісі майор Ілияс Байболовтыӊ айтуынша, қызмет ету орнына келер жолда шақырылушылар бір-бірімен танысып, достасып үлгерді. Бұл оныӊ пікірінше, олардыӊ бейімделуі кезеӊінде оӊ рөл атқаратын болады.

Көктемгі шақыру науқаны кезінде Қазақстанныӊ түкпір-түкпірінен "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығыныӊ әскери бөлімдеріне мыӊға жуық шақырылушы келеді. Олардыӊ барлығы қолбасшылықтыӊ бүкіл бөлімдері бойынша біркелкі таратылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны