22.12.2011, 17:30 4792

Жамбыл облысында әлеуметтік саладағы жетістіктер қуантарлық көрсеткішке ие

Тәуелсіздік жылдары Жамбыл облысының білім саласында үлкен өзгерістер орын алды, денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштер жақсарды, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми сайтынан.

Астана. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында әлеуметтік саладағы жетістіктер қуантарлық көрсеткішке ие, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Тәуелсіздік жылдары Жамбыл облысының білім саласында үлкен өзгерістер орын алды, денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштер жақсарды, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми сайтынан.

Сондай-а, өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 14,6 пайыздан 5,7 пайызға дейін төмендеген.

2000 жылы Жамбыл облысында 5,5 мың баланы қамтыған 39 балабақша жұмыс істесе, содан бергі 11 жылда 124 балабақша және 175 шағын орталық ашылды. 2011 жылдың қараша айындағы мәліметтер бойынша, облыста 30,9 мың баланы қамтитын 163 балабақша мен 175 шағын орталық жұмыс істейді, бұл 2000 жылғы көрсеткіштен 5,6 есеге көп. 2011 жылдың соңына дейін мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткішін 45,9 пайызға жеткізу жоспарлануда.

1991 жылдан бастап өңірде 24,7 мың орындық 48 білім ошағы салынды. Облыста 20 кәсіптік лицей және 26 колледж жұмыс істейді.

Сонымен қатар, облыстың денсаулық сақтау саласы да жаңғыртуды бастан кешіруде. Денсаулық сақтау саласын дамытуға, оның ішінде аурулардың алдын алуға бағытталған қымбат және тиімді жабдықтарды сатып алуға бөлінген қаржы 1994 жылмен салыстырғанда 74 есеге дерлік ұлғайып отыр.

Соңғы бес жылда Жамбыл облысында 40 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынды, олардың қатарында облыстық Қан орталығы, Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылындағы Туберкулезге қарсы диспансер, Тараздағы қалалық емхана, 35 селолық амбулатория мен медициналық пункт, т.б. бар.

Өңірдегі бала туу коэффициенті (1000 адамға шаққанда) 1991 жылы 23,4-і құраса, 2010 жылы - 26,42-ні құрады. Өмір жасының ұзақтығы 1995 жылғы 64,4 жастан 2010 жылғы 68,1 жасқа дейін өсті.

Еңбек нарығындағы жағдайдың орнықты екенін айта кету керек. Ресми тіркелген жұмыссыздардың саны 1999 жылмен салыстырғанда 1,9 есеге қысқарып,14,6 пайыздан 5,7 пайызға дейін төмендеді. 93 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

Тәуелсіздік жылдары облыста орташа айлық атаулы жалақы 564 есеге (1993 жылғы 91 теңгеден 2010 жылғы 51 340 теңгеге дейін), жан басына шаққандағы халықтың айлық ақшалай табысы - 15,2 есеге (1,8-ден 28,5 мың теңгеге дейін) өсті. Ал табысы күнкөріс минимумынан төмен халықтың үлесі 70,7 пайыздан 5,3 пайызға дейін қысқарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны