18.02.2015, 11:15 3758

Жамбыл облысында бөлімшелерді жауынгерлік үйлестірудіӊ бірінші кезеӊі басталды

Жамбыл облысындағы Айша Бибі полигонында 85395 әскери бөлімі мотоатқыштар батальоныны взводтарыныӊ жауынгерлік атыстары өтті. Жаӊа оқу жылындағы бұл кезеӊ бөлімшелерді жауынгерлік үйлестіруды пысықтау жүйесіндегі алғашқы қадам болып табылады

Жамбыл. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысындағы Айша Бибі полигонында 85395 әскери бөлімі мотоатқыштар батальоныны взводтарыныӊ жауынгерлік атыстары өтті. Жаӊа оқу жылындағы бұл кезеӊ бөлімшелерді жауынгерлік үйлестіруды пысықтау жүйесіндегі алғашқы қадам болып табылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жауынгерлік үйлестіру дегеніміз бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру. Оныӊ мақсаты жүктелген функионалдық міндеттерді мүлтіксіз орындау үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Искери қызметшілер Айша Бибі полигонында техниканы, қаруды жауынгерлік қолдануға дайындау, жергілікті жерді қарсылас көзінен бүркемелеу, далалық жағдайда медициналық көмек көрсету мәселелерін, инженерлік жабдықтау әдіс-тәсілдерін зерделеді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Далалық жағдайда оқытуды ұйымдастыру үшін түрлі тақырыптар бойынша оқу-жаттығу нүктелері жабдықталды

Жауынгерлік атыстар басталар алдында 85395 әскери бөлімі жеке құрамымен батальон командирі майор Жаннұр Сатқыновтыӊ жалпы жетекшілігімен инструкторлық-әдістемелік сабақ өткізілді.

Ұрысты моральдық-психологиялық қамтамасыз ету мәселесіне жеке көӊіл бөлінді. Бұл тақырыптағы сабақты мотоатқыштар батальоны командирініӊ орынбасары капитан Бекболат Жандарбеков өткізді. Ол кез келген оқу-жаттығу мен далалық сабақтардағы табыс кепілі - әскери қызметшілердіӊ жоғары жауынгерлік рухы екендігін атап өтті. Оны жоғары ұстау үшін әскери қызметшілер әскери істі жете меӊгеріп, өздерініӊ даярлығы мен далалық дағдылатын жетілдіріп отыруы қажет.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны