15.01.2016, 20:35 4780

Жамбыл облысында ерлі-зайыптылардыӊ дәретханадан табылған қызды асырап алуы тығырыққа тірелді

Жамбыл облысында дәретханадан табылған сәбидіӊ тағдыры жаӊа қырынан өрбіді. Ажалдан аман қалған нәрестені асырап алушылар арасында қызу талас жүруде. Жуалы ауданынан келген Ахметовтер отбасы алғашқылардыӊ бірі болып тастанды бөбекті бауырына басу ниетін ресми түрде жария етті. Қазір соған қатысты құжаттарын жинап жанталасып жатыр

Астана. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында дәретханадан табылған сәбидіӊ тағдыры жаӊа қырынан өрбіді. Ажалдан аман қалған нәрестені асырап алушылар арасында қызу талас жүруде. Жуалы ауданынан келген Ахметовтер отбасы алғашқылардыӊ бірі болып тастанды бөбекті бауырына басу ниетін ресми түрде жария етті. Қазір соған қатысты құжаттарын жинап жанталасып жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ескендір мен Еленаныӊ шаӊырақ көтеріп отау тіккендеріне 4 жылдан асты. Бірақ 33 жастағы келіншек бала көтере алмай жүр. Сәби сүймеуі жанына батқан әйелдіӊ өмірін әжетханадан табылған бүлдіршінніӊ тағдыры күрт өзгерткендей. Нәрестені көрген бойда бірден асырап алуға бел буған, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Елена Тұрғынбекова, Жуалы ауданыныӊ тұрғыны:

-Барлық жаӊалықтардан көріп жатырмыз, тастап кетіпті, қалдырып кетіпті деп. Бірақ оларға бүйтіп қатты ойланған жоқ едім, енді мына қызды білмеймін. Не су ішкім келмейді, не тамақ ішкім келмейді, не жұмыста да отыра алмаймын, кетіп қаламын қайта-қайта.

Түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден қалған келіншек бөбекті Тұрар Рысқұлов ауданынан Таразға жеткізіледі дегенді естіген бойда жолдасы екеуі "Үміт" балалар үйініӊ алдын торып жүр. Ақыры сәби жедел жәрдеммен жетті. Көліктен түсірген бойда оны туған баласындай көрген Елена көз жасынына ерік берді. Мекеме ішіне де жүгіре кіріп, баланы қолына алуға асықты. Сөйтіп, бір сәтке болса да тастанды сәбиді бауырына қысып, мауқын басты. Ал нәрестеніӊ атын Жансая деп қойыпты.

Бала асырап алудыӊ машақаты айтпаса да түсінікті. Исіресе, осы сәбиге көз тіккендер көп көрінеді. Дегенмен тәуекелге бел буған жас отбасы бүлдіршінді өздеріне алу үшін өліспей беріспек емес. Қазір қат-қат құжат жинап, тиісті мамандардан кеӊес алуда. Алайда, "Үміт" бөбектер үйініӊ бас дәрігері сауапты іске ниет білдіргендердіӊ үмітін су сепкендей басты. Себебі өӊірде бала асырауға ниеттілердіӊ саны жүзден асады. Ескендір мен Елена кезекке де тұрмағандықтан, балалы болулары екіталай. Ирі, баласын шұӊқырға тастап кеткен тасбауыр әйел аналық құқығынан әлі айрылмаған.

Айжан Жақсымбетова, "Үміт" бөбектер үйініӊ бас дәрігері:

-Ия, екіталай өйткені бұл сәбидіӊ анасына іс қозғалып отыр. Ол істіӊ қашан бітетіні, соттыӊ шешімі қалай болатыны белгісіз.

Қаӊтардыӊ үшінде күре жолдыӊ бойындағы әжетхананыӊ шұӊқырынан жаӊа туған шақалақ табылған еді. Бес күннен соӊ оныӊ анасы 21 жастағы Тұрар Рысқұлов ауданыныӊ тұрғыны екені анықталған. Баласынан безінген қатыгез ана кепілдікке ақша беріп, қазір бостандықта жүр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны