15.11.2012, 11:52 3474

Жамбыл облысында неонаталды хирургия бөлімшесі ашылды

Хабар агенттігінің хабарлауынша, бүгінгі күнге дейін туа біткен аурумен дүниеге келген нәрестелерге операция тек үлкен қалаларда ғана жасалып келген болатын.

Астана. 15-қараша. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында неонаталды хирургия бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, бүгінгі күнге дейін туа біткен аурумен дүниеге келген нәрестелерге операция тек үлкен қалаларда ғана жасалып келген болатын.

Енді неоноталдық хирургия бөлімшесі Жамбыл облысында ашылып, халыққа қызмет көрсете бастады. Оның мамандары Израильде оқып, біліктіліктерін арттырып келді. Израильде оқып, біліктілігін арттырып келген дәрігердің бірі Нұртуған Илқуатов. Қазір ол әріптестерімен бірге операция үстінде. Жыл басынан бері ішкі ақауымен дүниеге келген 14 нәрестеге жасалған операция сәтті аяқталды. Неонотал хирургтың айтуынша бұған дейін облыста мұндай ауруларды емдеу мүмкіндігі болмаған. Көбінесе Астана мен Алматы қаласына жіберіп отырған.

Мұндай операциялардың облыста жасалатынына әсересе жас аналар риза. Науқас баланы алысқа сүйреп емдету машақатынан құтылған. Туа биткенішек ауруымен дүниге келген мына нәрестеге екі рет қатарынан операция жасалған.

Күрделі операциялардың сәтті өтуіне, заманауи құрылғылардың көмегі зор болып отыр.Жыл басынан бері жаңаланған медициналық құралдардың ішінде шала туылған балаларды жетілдіріп, аман сақтап қалуға мүмкіндік беретін аппараттар бар.

Бұдан бөлек баланы жасанды жолмен тыныс алдыратын аппараттар жаңа бөлімшеге жақында келген.Осылайша жыл санап облыс медицинасының өркендеуі дүниеге келген талай нәрестенің өмірін сақтап қалуға сеп болып отыр. Ал облыстық перенаталдық орталықмемлекеттік "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы аясында келер жылы тағы бірнеше заманауи құрал-жабдықтарға қол жеткізуді көздеп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны