04.07.2008, 10:13 1526

Жамбыл облысында шегірткеге қарсы кампания аяқталды

Жамбыл облысында шегірткеге қарсы кампания аяқталды

Тараз. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысының ауыл шаруашылық дақылдарының қауіпті зиянкестерінің бірі шегіртке болып табылады. 2008 жылдың 1 шілдесінде шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Кампания барысында 107 мың гектар жер өңделген. Оның ішінде, марокко шегірткесіне қарсы - 3,6 мың гектар, италия прусына қарсы - 66,3 мың гектар, азия шегірткесіне қарсы - 37,1 мың гектар жер өңдеуден өткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны