02.07.2015, 11:20 3221

Жамбыл облысында шекарашылар бірлескен іс-шара кезінде бір тонна марихуана жинаған азаматты ұстады

Шекара қызметініӊ "Оӊтүстік" өӊірлік басқармасына қарасты Тараз шекара отрядыныӊ "Аспара" заставасыныӊ шекарашылары Шу аудандық ішкі істер бөлімімен бірлескен іс-шара кезінде қарақоға жинап жүрген 1970 жылы туылған Қазақстан азаматын ұстады.

Астана. 02 Шілде. Kazakhstan Today - Шекара қызметініӊ "Оӊтүстік" өӊірлік басқармасына қарасты Тараз шекара отрядыныӊ "Аспара" заставасыныӊ шекарашылары Шу аудандық ішкі істер бөлімімен бірлескен іс-шара кезінде қарақоға жинап жүрген 1970 жылы туылған Қазақстан азаматын ұстады. Оныӊ жинаған марихуанасыныӊ жалпы салмағы 1 тонна 28кг болып шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған дерек бойынша материалдар Жамбыл облысы Шу аудандық ішкі істер бөліміне берілді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны