03.01.2013, 13:38 3580

Жамбыл облысында Жаңа жыл қарсаңында үш жаңа балабақша және екі мектеп пайдалануға берілді

Жоба құны 431 млн 205 мың теігені құрайтын "Айгөлек" балабақшасы Жаңатаста, жоба құны 424 млн 205 мың теңгені құрайтын "Астана" балабақшасы Қаратауда ашылды. Балабақшалардың әрқайсысы 280 орынды қамтиды және "Балапан" бағдарламасы шеңберінде салынған.

Астана. 3-қаңтар. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында Жаңа жыл қарсаңында үш жаңа балабақша және екі мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жоба құны 431 млн 205 мың теігені құрайтын "Айгөлек" балабақшасы Жаңатаста, жоба құны 424 млн 205 мың теңгені құрайтын "Астана" балабақшасы Қаратауда ашылды. Балабақшалардың әрқайсысы 280 орынды қамтиды және "Балапан" бағдарламасы шеңберінде салынған.

Тағы бір "Астана" деп аталатын үшінші балабақша Шу қаласында ашылды. Бұл нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша "Марк" компаниясы" ЖШС-нің жеке қаражатына салынған.

Мектептер Қордай ауданының Бұлан батып және Жамбыл ауданының Аса ауылдарында ашылған. Екі мектеп те 600 орынға есептелген.

"Мен осы жерлерден жаңа премьер-министрлер мен президент шыққанын тілеймін", - деп облыс әкімі Қанат Бозымбаев жаңа мектепте оқушыларға бата берді.

2013 жылы Жамбыл облысында 26 білім беру нысаны салынбақ, оның он бесі республикалық бюджеттен, он бірі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны