08.01.2008, 10:31 1767

Жамбыл облысының асуларында төтенше жағдайлар кезінде бір бөлке нанның бағасы 500 теңгеге жеткен

Жамбыл облысының асуларында төтенше жағдайлар кезінде бір бөлке нанның бағасы 500 теңгеге жеткен

Тараз. 8-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысының асуларында қар құрсауында жүздеген көліктер мен 2,5 мыңнан астам адам қалып, төтенше жағдайлар болған кезде бір бөлке нанның бағасы 500 теңгеге жеткен. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне оқиғаға куә болған азаматтар хабарлады.

"Жақын маңдағы елдімекендерден келген жергілікті саудагерлер төтенше жағдайлар болған жерді сауда орнына айналдырды. Бір бөлке нанның бағасы 500 теңгеге, ал 200 грамм арақтың бағасы 2 мың теңгеге жеткен",- деді оқиға куәлері.

Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің өздері сауда жасаған деген алыпқашпа сөзге қарамастан, куәлар құтқарушылардың бұған еш қатысы болмағандығын айтуда. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері куәгерлердің көзінше саудагерлерге қарсылық көрсеткен, себебі олар құтқару шаралары мен жол тазалауға кедергі келтірген.

Сондай-ақ оқиға куәлерінің хабарлауынша, зардап шеккендер көп болған. "Үсік шалған адамдар болды, олар, әсіресе, көмекті үш күннен астам уақыт күтуге мәжбүр болғандар. Көмек алғашқы күні көрсетілгендердің жолы болды. Кей адамдар қар құрсауында төрт күннен астам уақыт бойы қамалған",- деді олар.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті зардап шеккендер жоқ деп хабарлауда. "Апаттық медицина орталығының мамандары 47 адамға көлік және медициналық көмек көрсеткен, олар негізінен созылмалы аурулары барлардың науқастарының асқынуы және де үсік шалған азаматтар",- деп мәлім етті Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Бұрын хабарлағанымыздай, 23-желтоқсаннан бастап қатты соққан боран мен қою тұман салдарынан Киік және Шақпақ ата асуларында көліктер легі жиналып қалған болатын. 50 шақырымдық қашықтықтағы көлік магистралін түгелдей қар басып қалған, кей жерлерде қардың қалыңдығы 4 метрге дейін жеткен. Жуалы ауданының 15 елдімекені мен аудан орталығының арасында байланыс үзілген. Құтқарушылардың хабарлауынша, Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшақтары мен арнайы көліктерінің көмегімен 23 - 27 желтоқсан аралығында төтенше оқиға болған жерден Шымкент және Тараз қалаларына 2,5 мыңнан астам адам жеткізілген болатын.

27-желтоқсанда Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Тараздан тікұшақпен келіп Жамбыл облысы Жуалы ауданы Шақпақ асуында жиналыс өткізіп, бірнеше мекемелердің басшыларына 2005 жылдың қысында болған жағдайдың қайталанбауы үшін ұсыныстар енгізуге тапсырма берген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны