05.03.2020, 23:14 7771

Жамбыл облысында дін және ұлтаралық келісім сұрақтары талқыланды

Ағымдағы жылдың 4 наурызында Жамбыл облысы прокуратурасында заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы болып өтті.

Алматы. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында дін және ұлтаралық келісім сұрақтары талқыланды.

Ағымдағы жылдың 4 наурызында Жамбыл облысы прокуратурасында заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы болып өтті.

Іс-шараға облыс әкімі Б.М.Сапарбаев, құқық қорғау, арнайы және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Облыс прокуроры отырысты аша отырып, қатысушылардың Мемлекет басшысының ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету және Қордай ауданында болған оқиғалардың себептерін жою жөніндегі тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуына назарларын аударды.

Осы тапсырманы орындау шеңберінде "Бейбітшілік пен келісім" Концепциясы әзірленді. Оның негізгі бағыттары ретінде әлеуметтік, ұлтаралық сұрақтарды шешу және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып айқындалды.

Облыстағы проблемалық мәселелерді зерделеу және шешу үшін уәкілетті және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатарынан жұмыс топтары құрылды.

Ұлтаралық жанжалдарды ерте анықтау, алдын алу және жою бойынша алгоритмдер әзірленді.

Отырыс қорытындысымен құқық қорғау және уәкілетті органдарға жоспарланған іс-шаралардың уақытылы және сапалы іске асыруын қамтамасыз ету тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны