08.02.2020, 15:03 6488

Жамбыл облысының Қордай ауданы Масаншы ауылында тұрғындар арасында топтық төбелес шықты

Қақтығысты бастаушылар мен қатысушылар анықталуда.

Алматы. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысының Қордай ауданы Масаншы ауылында 7 ақпан күні кешке тұрғындар арасында топтық төбелес шықты.

Полицияның күшімен қақтығыс тоқтатылды, жағдай бақылауда.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қақтығысты бастаушылар мен қатысушылар анықталуда.

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтардан тек ресми ақпаратқа сенуді және қауесеттер мен жалған хабарламаларды таратпауды сұрайды.

Жалған ақпаратты, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз, деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны