12.01.2015, 19:18 4156

Жаӊа ИҚБК кәсіпкерлерге қатысты айыппұл мөлшері 50%-ға төмендетілді

2015 жылдыӊ 1 қаӊтарында күшіне енген жаӊа редакцияланған Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты айыппұл мөлшері шамамен 50%-ға төмендетілді, деп хабарлады ҚР Иділет министрініӊ орынбасары Зәуреш Баймолдина.

Астана. 12 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Жаӊа әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте шағын кәсіпкерлерге салынатын айыппұлдар да реттелген. "Бұрын шағын және орта кәсіпкерлер бірдей көлемде айыппұл төлесе, енді шағын кәсіпкерлерге салынған айыппұл орта кәсіпкерлермен салыстырғанда 50 пайызға азаяды", - деді Зәуреш Баймолдина ОКҚ өткен брифингінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар, оныӊ айтуынша, әкімшілік айыппұлдар салатын уәкілетті мемлекеттік органдар мен судьялар өздеріне берілген құқықты пайдалана отырып, айыппұл көлемін 30 пайызға дейін жеӊілдете алады, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Бұл жағдайды түсіндіріп өтсем. Икімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте нақты бір белгіленген айыппұл көлемі бар. Ал, енді айыппұл салынған адам жасаған қылмысы үшін өкініш білдірсе, болмаса ол кәмелеттік жасқа толмаса немесе аяғы ауыр әйел болса, сот пен мемлекеттік орган айыппұл көлемін 30 пайызға дейін азайта алады",-деп толықтырды ведомсвто басшысыныӊ орынбасары.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны