11.02.2013, 09:03 3381

Жаңа денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

Төкежанов Болат Тұрғанұлы 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Астана. 11-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 06.02.2013 жылғы №95 қаулысымен Төкежанов Болат Тұрғанұлы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Төкежанов Болат Тұрғанұлы 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

1994-1995 жылдары Шығыс Қазақстан облысы салық инспекциясының аға салық инспекторы болып қызмет атқарды.

1996-1998 жылдары Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Міндетті медициналық сақтандыру қорының Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесінде қызмет ақтарды.

1999-2000 жылдары - Медициналық қызметке ақы төлеу орталығының Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесі директорының орынбасары, директоры, Денсаулық сақтау министрлігінің "Денсаулық" РМК-нің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры.

2001 жылдың қаңтарынан 2003 жылдың қарашасына дейін Шығыс Қазақстан облысының Ақпараттық-медициналық орталығын басқарды.

2003 жылдың қараша айынан медицинаны және халықаралық қатынастарды дамыту бөлімінің бастығы, 2005 жылдың ақпанынан 2007 жылдың қаңтарына дейін - стартегиялық даму және халықаралық қатынастар басқармасының бастығы болды.

2007 жылдың қаңтарынан 2010 жылдың тамыз айына дейін - Стратегиялық даму және халықаралық қатынастар департаменті директорының орынбасары, Қаржы және экономика департаменті директорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды. 2010 жылдың қыркүйек айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму департаментінің директоры болып тағайындалды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің (2002), ҚР Денсаулық сақтау министрінің (2004) құрмет граматоларымен, "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" (2005), "Астанаға 10 жыл" (2008) мерейтойлық медальдарімен марапатталған. Денсаулық сақтау ісінің үздігі (2006).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны