28.05.2015, 15:40 3480

Жаӊа енгізілген нормаларды құқықтық тұрғыда қолдану мәселелері талқыланды

2015 жылдыӊ 27 мамыры күні ҚР ІІМ-ніӊ Көліктегі ІІД-де Икімшілік полиция басқармасыныӊ бастамасымен дөӊгелек үстел өтті. Оған ҚР Ішкі істер министрлігі Икімшілік полиция комитетініӊ, көлік прокуратурасы қадағалаушы органдарыныӊ, Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментініӊ, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотыныӊ өкілдері қатысты. Кездесу тақырыбы жаӊа енгізілген нормаларды құқықтық тұрғыда қолдану мәселесіне арналды

Астана. 28 Мамыр. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 27 мамыры күні ҚР ІІМ-ніӊ Көліктегі ІІД-де Икімшілік полиция басқармасыныӊ бастамасымен дөӊгелек үстел өтті. Оған ҚР Ішкі істер министрлігі Икімшілік полиция комитетініӊ, көлік прокуратурасы қадағалаушы органдарыныӊ, Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментініӊ, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотыныӊ өкілдері қатысты. Кездесу тақырыбы жаӊа енгізілген нормаларды құқықтық тұрғыда қолдану мәселесіне арналды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Соныӊ ішінде ҚР Икімшілік кодексіндегі 449 бап (Қоғамдық орындарда тиісу) туралы және адамдарды заӊсыз тасып жүрген азаматтарды анықтап, осы бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде көлік полицейлері тап болатын мәселелер сөз болды.

Бүгінгі таӊда Көліктегі ішкі істер департаменті осы бап бойынша 487 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан болса, белгіленбеген жерде сауда жасап, қызмет көрсеткені үшін 1324 адамға хаттама толтырған. Бірақ, осындай қызмет ұсыну кезінде назарын аудару үшін адамдарға хабарласу, олардыӊ мазасын алып тиісумен көрініс табады да, көп ретте 449 баппен жазаланады. Осылайша, көлік полицейлері оларды, мәселен, такси қызметтерін ұсынғаны үшін емес, қоғамдық орындарда тиіскені үшін жауапкершілікке тартады.

Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен барлық құқыққорғау органдарыныӊ алдына құқықбұзушылықтар мен тәртіпсіздіктерге "мүлдем төзбеушілік" принципін қамтамасыз ету міндеті қойылған болатын.

Осы бағдарламаны дамыту мақсатында Көліктегі ІІД азаматтардыӊ өмір сапасына әсер етіп, тыныштығын кетіретін құқықбұзушылықтарды анықтап, жолын кесуге бағытталған бірқатар ұйымдастыру және жүзеге асыру шараларын қабылдады.

Дөӊгелек үстел өз жемісін беріп, кездесу барысында көлік полицейлерініӊ заӊсыз адам тасумен айналысатын тұлғаларды анықтап, жолын кесуге арналған жұмыстарды тиімді жүргізуге мүмкіндік беретін бірқатар шаралар белгіленді.

Көліктегі ІІД-ніӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны