31.05.2016, 19:13 11092

Жаӊа "KADEX-2016" мобильді қосымшасы жасалды

Көрме туралы қосымша ақпарат алуға көмек беретін IV халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесініӊ қатысушылары мен келушілері үшін "KADEX-2016" мобильді қосымшасы әзірленді

Астана. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Көрме туралы қосымша ақпарат алуға көмек беретін IV халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесініӊ қатысушылары мен келушілері үшін "KADEX-2016" мобильді қосымшасы әзірленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінгі қару-жарақ пен әскери техника көрмесініӊ технологиялық тыӊ жаӊалықтарыныӊ бірі - қазақстандық әзірлеушілер дайындаған "KADEX-2016" жаӊа мобильді қосымшасы, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Жаӊа өнім алдағы өтетін көрме мен іс-шаралар туралы толыққанды ақпарат береді.

Көрмеге қатысушылардыӊ орналасқан жерін, өнім ұсынып отырған компания мен басқа да мәліметтерді табуға мүмкіндік беретін функциялары бар.

Қосымша қатысушылар мен келушілерге үлкен аумақта адасып қалмай, алдағы өтетін "KADEX-2016" көрмесі туралы барлық жаӊалықтан құлағдар болуға, қару-жарақ пен әскери техника саласындағы соӊғы жетістіктер мен техникалық шешімдермен танысуға мүмкіндік береді.

Жаӊа IT өнімді App Store немесе Google play арқылы ақысыз негізде жүктеп алуға болады. Көрме аумағында Wi-Fi Kadex желісіне қосылған кезде қосымша автоматты түрде жүктеледі.

IV халықаралық "KADEX-2016" қару-жарақ пен әскери техника көрмесі қорғаныс саласындағы ауқымды іс-шаралардыӊ бірі болатынын айта кетейік. Көрмеге дайындалуға көптеген мамандар мен әскери техника тартылды. Көрме қорғаныс өнеркәсібі саласында мамандардыӊ ғана емес, сонымен бірге бұқаралық медианыӊ да назарын аудартуда. Көрмені әлемніӊ 15-тен аса елінен 300-ден аса бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілі жариялайтын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны