14.10.2008, 10:15 1392

Жаңа тағайындауларға байланысты бірқатар мемлекеттік органдар мен холдингтердің лауазым иелерін бұрынғы қызметтен босату туралы жарлықтар мен бұйрықтар шықты

Жаңа тағайындауларға байланысты бірқатар мемлекеттік органдар мен холдингтердің лауазым иелерін бұрынғы қызметтен босату туралы жарлықтар мен бұйрықтар шықты

Астана. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Жаңа тағайындауларға байланысты бірқатар мемлекеттік органдар мен холдингтердің лауазым иелерін бұрынғы қызметтен босату туралы жарлықтар мен бұйрықтар шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, президенттің жарлықтарымен : Қайрат Нематұлы Келімбетов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалып, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды.

Ибдірахымов Ғабидолла Рахметоллаұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметінен босатылды;

Кәлетаев Дархан Аманұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен: Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды;

Дунаев Арман Ғалиасқарұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды;

Кенжеханов Асқар Сәкенұлы Қазақстан Республикасы Иділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны