10.01.2010, 17:57 3235

Жаңа жыл мерекесі кезінде 3 мыңдай адам медициналық мекемелерге мас күйінде көмек сұрай келді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Жаңа жыл мерекесі кезінде 3 мыңдай адам медициналық мекемелерге мас күйінде көмек сұрай келді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Астана. 10 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда Жаңа жыл мерекесі кезінде 3 мыңдай адам медициналық мекемелерге мас күйінде көмек сұрай келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2009 жылдың 31 желтоқсаны мен 2010 жылдың 3 қаңтары аралығында денсаулық сақтау ұйымдарының қабылдау бөлімдеріне мас күйінде 3040 адам көмек сұрай келді. 150-ден астам адам пышақтан жарақаттанса, 11 адамға мастық салдарынан оқ тиген", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осы мерзімде мастықтың салдарынан 1186 адам жолдағы апаттардан зардап шекті. Сондай-ақ, 965 адам мас болуға байланысты түрлі сипаттарда жарақаттар алды. 184 медициналық ұйым 258 345 тұлғаның мас екендігін куәландырды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2008 жылы алкогольге тәуелді ретінде тіркеуде тұрғандардың саны 243 874, ал 2009 жылы 242 009 адам болды. 2008 жылы ішімдікке салыну салдарынан 986 адам, 2009 жылғы шұғыл мәліметтерге сәйкес 338 адам қайтыс болды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары жөніндегі ұлттық орталығы жүргізген халықтың өмір салтына қатысты кең ауқымды ұлттық зерттеулерінің нәтижесі көрсеткендей, Қазақстан халқының арасында ішімдікке салыну көрсеткішінің таралуы (2007 жылы) 35,8% болған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгінгі күні маскүнемдіктің алдын алу және одан емдеу мәселелері бойынша 611 нарколог емдеу-профилактикалық көмек көрсетуде. Осы науқастарға көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының желісінде 171 наркологиялық кабинет, 16 медицналық-әлеуметтік сауықтыру орталықтары (бөлімшелері) бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны