05.01.2012, 13:26 3536

Жаңаөзенде азық-түліктің тұрақтандыруы қоры құрылуда

"Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ақпараты бойынша, Маңғыстау облысының өңірлік тұрақтандырушы қорына жалпы сомасы 588 млн. 660 мың теңгенің 5 386 тонна азық-түлігі жинақталып отыр. Азық-түліктің көп бөлігі Ақтау қоймаларына жайғастырылған. Азық-түлік тауарының әр түрі бойынша жасақталған қорлардың көлемі Жаңаөзен халқының бірнеше айлық сұранысын қамтамасыз ете алады.

Жаңаөзен. 5-қаңтар. Kazakhstan Today - Жаңаөзенде азық-түліктің тұрақтандыруы қоры құрылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрдің ресми сайтында хабарланғандай, Жаңаөзенде 493 млн. теңге сомаға азық-түліктің қосымша тұрақтандыру қоры құрылады. Бұл туралы "Каспий" ИКК" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлаған.

"Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ақпараты бойынша, Маңғыстау облысының өңірлік тұрақтандырушы қорына жалпы сомасы 588 млн. 660 мың теңгенің 5 386 тонна азық-түлігі жинақталып отыр. Азық-түліктің көп бөлігі Ақтау қоймаларына жайғастырылған. Азық-түлік тауарының әр түрі бойынша жасақталған қорлардың көлемі Жаңаөзен халқының бірнеше айлық сұранысын қамтамасыз ете алады.

"Қазақстандық компаниялармен жасалатын жаңа келісімшарттардың негізінде Жаңаөзен қаласы үшін қосымша тұрақтандырушы қор жасақталады. 10 аталым бойынша азық-түлік жеткізілімі жақын күндері басталады",- делінген баспасөз қызметінің хабарламасында,

Қазіргі таңда тұрақтандырушы қордағы азық-түлік тауарлары Жаңаөзенде алты сауда нүктесі мен жеті жылжымалы сауда дүңгіршегі арқылы сатылуда.

"Каспий-Берекет" ЖШС-нің автодүкендері азық-түліктің 12 түрі бойынша сауда жасауда. Барлық жеті сауда дүңгіршегі 4 қаңтарда қайта жұмысқа кірісті",- деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны