30.12.2011, 12:08 4043

Жаңаөзенде қаланы абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр

Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарына 115 адам жұмылдырылған. Жылу желілерін, сондай-ақ электр қуатымен жабдықтау жүйесін демонтаждау жұмыстары 80 пайызға орындалды.

Астана. 30-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жаңаөзенде қаланы абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Премьер-Министрдің баспасөз қызметінен хабарлауынша, Жаңаөзенде қаланы абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарына 115 адам жұмылдырылған. Жылу желілерін, сондай-ақ электр қуатымен жабдықтау жүйесін демонтаждау жұмыстары 80 пайызға орындалды.

Сондай-ақ қаладағы полицияның төрт тірек пунктінде қалпына келтіру жұмыстары 80 пайызға атқарылған. Сонымен қатар, Теңге ауыдының әкімдігін қалпына келтіру аяқталды, ал "Аруана" қонақ үйінде 130 адам демонтаждау жұмыстарын жүргізіп жатыр. "Өзенмұнайгаз" өндірістік филиалының әкімшілік ғимаратында 60 адамның күшімен жанып кеткен материалдарды тазалау жұмысы атқарылуда, - деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны