09.02.2012, 13:45 4203

Жаңаөзеннің әкімі тағайындалды

Маңғыстау облысының әкімі қызметіне Серікбай Тұрымов тағайындалған. С.Тұрымовты қалалық мәслихат депутаттарына облыс әкімі Бауыржан Мұхамеджанов таныстырды.

Жаңаөөзен. 9-ақпан. Kazakhstan Today - Жаңаөзеннің әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысының әкімі қызметіне Серікбай Тұрымов тағайындалған. С.Тұрымовты қалалық мәслихат депутаттарына облыс әкімі Бауыржан Мұхамеджанов таныстырды.

Бұған дейін С.Тұрымов Түпқараған ауданының әкімі болып жұмыс істеген. Б.Мұхамеджанов қаланың бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеев сәрсенбі күні қызметтен босатылған. "Қаржы полициясы оның үстінен қылмыстық іс қозғағанын білесіздер", - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, Б.Мұхамеджанов жаңа басшыға: "Бұл өте ауыр жұмыс. Бұл қызметті кез-келген адам атқара алмайды. Ирине, барлық мәселені бір күнде шешіп тастау мүмкін емес. Сіз жалғыз өзіңіз емес, қаланың негізін құрайтын "Өзенмұнайгаз" кәсіпорнымен бірлесе жұмыс істеуіңіз керек. Сонда ғана қордаланып қалған мәселелерді шеше аласыздар" деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны