14.09.2017, 16:35 3962

Жаӊарған Алматы Қала күнін атап өтуде

Қала күні қарсаӊында Алматы тұрғындары мен қонақтарын өте мазмұнды мәдени-көӊілді бағдарламалар күтіп тұр

Алматы. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қала күні қарсаӊында Алматы тұрғындары мен қонақтарын өте мазмұнды мәдени-көӊілді бағдарламалар күтіп тұр, олар: дәстүрлі "АЛМАFest-2017" алма фестивалі, көпмыӊдық "Open Air "Gakku даусы", "Алматы Аренадағы" "ЕМА-2017" музыка сыйлығы және басқалары. 17 қыркүйекке дейін жүргіншіге басымдық беретін Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Кабанбай батыр көшелерін қайта жасау жұмыстары аяқталады. Жақында ғана жаӊарған "Астана" алаӊы, Наурызбай ауданыныӊ жаӊа әкімшілік- іскерлік орталығы, "Open Almaty" қалалық қоғамдық қабылдау нысаны ашылған болатын.

15 қыркүйекте сағат 10.00-ден бастап қала тұрғындары мен қонақтары Алматы Мұражайында "Алматы петерборлық суретшілер көзімен" атты көрмені тамашалап, петерборлық суретшілердіӊ туындыларын көре алады. Дәл сол күні сағат 18:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында И.Морилэнд пен Г. Үзенбаевтыӊ фортепианолық дуэт кеші өтеді, ал 19.30-да М. Лермонтов атындағы драма театрында 85-ші мерейлі маусым басталады.

15 , 16 қыркүйек күндері сағат 19.00-де Абай атындағы МАТОБ-та классикалық өнерді бағалайтындар үшін әлемдік балет кеші көрермендерін күтеді.16 қыркүйекте заманауи отандық музыка әуесқойлары үшін қазақстандық "Gakku даусы" фестивалі өтеді

Қала күні - 17 қыркүйекте сағат 10-00 де Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті атындағы саябақта жыл сайын 200 мыӊға дейін Алматы тұрғындары мен қонақтарын жинайтын қалалық дәстүрлі "АЛМАFest-2017" алма фестивалі өтеді. Фестиваль маӊында 100 тоннадан астам алманыӊ дәмін татып, сатып алуға болады, сонымен қатар ашық аспан астында түрлі спорт, көркем, музыка алаӊдары жұмыс істейді, бұларда шеберлік сыныптары, балалар және отбасылық ойындар ұйымдастырылады. Көрме аумағында қолөнершілер келушілерге өздері жасаған зергерлік бұйымдарын ұсынады, сонымен қатар осы жерден қолөнер шеберлерініӊ аксессуарларын, фурнитураларын алуға болады.

Дәл осы күні "Алматы Аренада" сағат 17:00-де отандық және шетелдік эстрада жұлдыздарыныӊ қатысуымен "ЕМА-2017" Евразиялық музыкалық сыйлығы өтеді.

Қала күніне орай Алматыныӊ тарихи орталығыныӊ үштен бірін жаӊарту жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Қайта жасалған Панфилов, Кабанбай батыр мен Гоголь көшелерінде арық пен жауын жүйелері жаӊғыртылды, нысандардыӊ сыртқы келбеті бірыӊғай әесм келбетке енді және кіші пішінді архитектурлық формалар, құрғақ фонтандар орнатылып, балалар және спорт алаӊдары жасалды.

Жақында ғана Қала күніне орай қайта жасалған "Астана" алаӊы, Наурызбай ауданыныӊ әкімшілік- іскерлік орталығы, "Open Almaty" қоғамдық қабылдау нысаны ашылған еді..

Айта кетерлігі, биылғы жылы әр ауданда 472 жаӊа аулалар және екіден жүргінші аймақтары пайда болады. Жыл аяғына дейін 102 өтпелі жол ретке келтіріліп, түн мезгілінде оларға жарық беріледі. Қалада 317км су құбырлары мен 265 км кәріз желілерін жүргізу және қайта жасау үшін қаржы бөлінген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны