22.05.2015, 17:46 4396

Жансақтау бөліміндегі екінші бала да жалпы бөлімге ауыстырылды

Алматыда балабақшада ауыр жарақаттанып, жансақтау бөлімінде жатқан 2-ші бала да бүгін жалпы бөлімге ауыстырылды. Бұл туралы журналистерге қалалық Денсаулық сақтау басқармасыныӊ өкілі хабарлады

Астана. 22 Мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда балабақшада ауыр жарақаттанып, жансақтау бөлімінде жатқан 2-ші бала да бүгін жалпы бөлімге ауыстырылды. Бұл туралы журналистерге қалалық Денсаулық сақтау басқармасыныӊ өкілі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Естеріӊізге салайық, 20 мамыр күні көлік талғамайтын жапондық көлік жүргізушісі Алматыдағы №58 бала бақшаныӊ қоршауын бұзып өтіп, аулада ойнап отырған бірнеше баланы қаққан болатын. Оқиға орнында 5 жасар қыз бала көз жұмды, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.

Ал зардап шеккен 9 бала ауруханаға жеткізілген еді. Қазір бұл балалардыӊ барлығыныӊ жағдайы қалыпты. Кеше жансақтау бөлімінде жатқан 1 бала жалпы бөлімге ауыстырылса, бүгін 2-ші баланыӊ да денсаулығы оӊалып, ол да жалпы бөлімге ауыстырылды.

Дәрігерлердіӊ айтуынша, бұл 2 баланыӊ өміріне еш қауіп жоқ. Алдағы дүйсенбіде дәрігерлер консилиум өткізіп, балақайларды үйіне шығару мәселесін шешеді. Ал №58 балабақша қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

Бағдагүл Ибдірасілова, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы бастығыныӊ орынбасары

-Реанимациядан ауыстырылған балалар жағдайы жақсы. Аналарымен бірге бөлімге ауыстырылды. Енді ем-шара бәрін қолданып жатырмыз. Жамбас сүйегі сынған бала 1-2 ай үйде болады Біз өзіміз солай нұсқау береміз.

Сәуле Ахметжанова, №58 балабақшаныӊ меӊгерушісі

-Ол оқиға бізге өӊ мен түстей болды. Бірақ балабақша өзініӊ жұмысын істеп жатыр. Күнделікті балалар келіп жатыр. Жүргізуші әйел біздіӊ балабақшаныӊ ата-анасы емес. Ойын алаӊыныӊ бәрін алып тастадық. Ол жерге енді ойын алаӊын қоймаймыз. Бізде психологтар кешеден бері жұмыс істеуде. Бір кішкентай уақытта сабырлы сияқты болып жүреміз де сосын қайтадан көз алдымызға елестейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны