23.02.2012, 11:43 3801

Жапонияда цунамиден қорғануға арналған "Нұх кемелері" жасалады

Өткен жылдың наурызындағы 9,0 балдық жер сілкінісінен кейін жағалаулардағы елдімекен тұрғындарын цунамиден құтқарудың мүмкіндігі болмады. Осыған байланысты Жапония билігі күшті цунами қайталанған жағдайда халықты аман алып қалу үшін қосымша қаражат бөліп, "Нұх кемелерін" жасауды жоспарлауда.

Астан. 23-ақпан. Kazakhstan Today - Жапонияда цунамиден қорғануға арналған "Нұх кемелері" жасалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жергілікті халықты цунами соққысынан қорғау үшін Жапонияның жағалаулы аудандарына арнайы "Нұх кемелері" қойылады.

Өткен жылдың наурызындағы 9,0 балдық жер сілкінісінен кейін жағалаулардағы елдімекен тұрғындарын цунамиден құтқарудың мүмкіндігі болмады. Осыған байланысты Жапония билігі күшті цунами қайталанған жағдайда халықты аман алып қалу үшін қосымша қаражат бөліп, "Нұх кемелерін" жасауды жоспарлауда.

Арнайы құтқару кемелері 20-дан 50 адамға дейін тасымалдай алады және бортында азық-түлік қоры мен өзге де қажетті заттар болады. "Нұх кемелері" мектептер мен қарттар үйі аймағына орнатылады. Цунами қаупі туралы ескерту алған жағдайда адамдар құтқару кемесіне отырып, онда бірнеше күнін өткізе алады.

Таяу айларда Жапонияның көлік министрлігі құтқару кемесінің жобасын әзірлеуді жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны