17.03.2011, 16:01 4171

Жапонияда тағы да бірнеше рет жер сілкінген

Жапонияда тағы да бірнеше рет жер сілкінген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 17 - наурыз. Kazakhstan Today - Жапонияда тағы да бірнеше рет жер сілкінген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. агенттігінің хабарлауынша, Жапонияның батыс жағалауларында бірқатар жер сілкінісі болып, ең қуатты магнитуда күші 5,7, баллды құраған.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, деп хабарлайды РБК агенттігі.

5,7 баллдық жер сілкінісі туралы мәліметтер мәскеу уақыты бойынша сағат 02:38 де келіп түсті. Жер асты дүмпулерінің кіндігі Мориок қаласынан 142 км оңтүстік батысқа қарай Хонсю аралында. Жер сілкінісінің ошағы Тынық мұхиттың тұңғиығында 25,3 км тереңдікте орналасқан.

Оған қоса мәскеу уақыты бойынша сағат 02:03-де Жапонияның шығыс жағалауында 5,1 балдық тағы бір жерасты дүмпуі тіркелген. Оның кіндігі де Тынық мұхитта, Иваки қаласынан 238 шақырым қашықтықта орналасқан, ал сағат 02:14-те Мориока қаласынан 280 шақырым жерде 5,1 балдық тағы бір жер сілкінісі болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны