20.02.2020, 19:52 8936

Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдерін дүкендерде сату фактілерін Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне хабарлай аласыз

Сондай-ақ электрондық өтінішті egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жіберуге болады

Алматы. 20 ақпан. Kazakhstan Today - Мерзімі өткен өнімдер анықталған жағдайда тұтынушы ТҚҚК-ге жүгіне алады.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (ТҚҚК) жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдерін дүкендерде сату фактілері анықталған және табылған жағдайда сіз ТҚҚК-ге жүгіне аласыз.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ретінде ТҚҚК мүдделі органдармен бірлесіп, нормаларға сәйкес келмейтін өнімді өткізетін кәсіпкерлерді заңнамада көзделген әкімшілік жауапкершілікке тарту және алып қою жөнінде шаралар қабылдайтын болады.

Сіз ТҚҚК-не жазбаша мекен-жай бойынша: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, 2-кіреберіс.

Сондай-ақ электрондық өтінішті egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жіберуге болады, келесі сілтеме бойынша: https://egov.kz/cms/ru/services/citizen_and_the_government/e_app

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны