04.07.2018, 15:43 3508

"Жас Өркен" байқауыныӊ жеӊімпаздары анықталды

2018 жылдыӊ басында байқауға қатысуға 737 үміткер өтініш берген болатын, олардыӊ 27-сі іріктеу кезеӊдерінен сәтті өтіп, ақтық кезеӊге жетті. Бұл - 2016, 2017, 2018 жылдары еліміздіӊ 10 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы жоғары оқу орындарын бакалавриат немесе магистратура бағдарламалары бойынша бітірген түлектер.

Астана. 4 шілде. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 3 шілдесінде "Самұрық-Қазына" Корпоративтік университетінде жас мамандарға арналған "Жас Өркен" бағдарламасы байқауыныӊ ақтық кезеӊі - байқау комиссиясыныӊ отырысы өтті. "Самұрық-Қазына" АҚ-ныӊ Операциялық қызметтер жөніндегі басқарушы директоры Илішер Пірметовтіӊ төрағалық етуімен өткен комиссия құрамында Қордыӊ қоржындық компанияларыныӊ басқарушы директорлары, ұйымдастыру комитетініӊ өкілдері болды.

2018 жылдыӊ басында байқауға қатысуға 737 үміткер өтініш берген болатын, олардыӊ 27-сі іріктеу кезеӊдерінен сәтті өтіп, ақтық кезеӊге жетті. Бұл - 2016, 2017, 2018 жылдары еліміздіӊ 10 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы жоғары оқу орындарын бакалавриат немесе магистратура бағдарламалары бойынша бітірген түлектер.

Байқау шарты бойынша бағдарламаға небәрі 20 түлек қатысып, олар 20 ай бойы "Самұрық-Қазына" АҚ-ныӊ бірнеше қоржындық компаниясында жедел жетілдіру бағдарламасынан өтеді. Жас мамандарды еӊбек жолын бастаудыӊ бірегей мүмкіндігі - еліміздіӊ ірі индустриалдық кәсіпорындарындағы оқу мен жұмыс күтіп тұр. Ир қатысушыға қоржындық компанияныӊ желілік жетекшілерінен жеке тәлімгер тағайындалады.

Бағдарламадан сәтті өткен жас мамандарға "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобында жұмыс істеу және ары қарай жетілу жоспары жасалады. Бағдарлама аяқталған соӊ дарынды жас мамандар Қазақстанныӊ ұлттық компанияларындағы команда мүшесі болу мүмкіндігіне ие болады.

"Жас Өркен" бағдарламасына жас мамандар алғаш рет 2017 жылы іріктеліп алынғанын атап өту керек. Ол кезде байқауға қатысуға 594 үміткер өтініш берген болатын, қазір олардыӊ жиырмасы Қордыӊ 16 қоржындық компаниясында тағылымдамадан өтіп жатыр.

Анықтама:

Бағдарламаны ұйымдастырушы - бағдарлама мен байқауға ұйымдастырушы-қаржылық қолдау көрсетуші "Самұрық-Қазына" АҚ.

Бағдарламаныӊ атқарушы органы - ұйымдастыру шараларын орындаушы және байқауды өткізуші "Самұрық-Қазына" корпоративтік университеті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны