14.05.2008, 17:49 3274

"Жас Отан" Жастар қанаты 2008-2011 жылдарға арналған іс-әрекеттер стратегиясын қабылдады

"Жас Отан" Жастар қанаты 2008-2011 жылдарға арналған іс-әрекеттер стратегиясын қабылдады

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Жас Отан" Жастар қанаты 2008-2011 жылдарға арналған іс-әрекеттер стратегиясын қабылдады. Бұл құжат бүгін "Нұр Отан" ХДП-ның жастар қанаты - "Жас Отанның" бірінші съезінде қабылданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Құжатта атап көрсетілгендей, "Жас Отан" ЖҚ миссиясы "елді дамытуда жаңашыл серпілісті қамтамасыз ету мақсатында ұлт еөшбасшысының саясаты тұғырнамасында Қазақстан жастарын біріктіру" болып табылады. Ал "Жас Отан" ЖҚ мақсаты - "Өзінің артынан жастарды ерте аларлық мықты әрі беделді саяси жастар ұйымын құру".

"Жас Отан" өз миссиясын орындау үшін және негізгі мақсаттарына қол жеткізуі үшін көрсетілген кезеңде өз жұмысының негізгі бағыттарын анықтайтын бірінші кезектегі бірқатар міндеттерін іске асыруы қажет. Партия көшбасшысы - ел Президентінің саясатына қолдау көрсетуге жастарды біріктіру. Осы міндеттердің шегінде жастарды мемлекеттік-саяси негізде біріктіруді, жастардың партияға деген сенімін арттыру бойынша кешенді шаралардың әзірленуін, жастар арасында партия көшбасшысы - ел президентінің беделін нығайтуды қамтамасыз ету қажет.

Сонымен бірге, "Жас Отан" ЖҚ ел жастарының әлеуметтік-экономикалық, азаматтық, саяси және басқа да қоғамдық маңызды белсенділіктің позитивті тәжірибесін жинақтау процесіне тиімді қатыспақшы. "Жас Отан" жастар қанаты өз күштерін жастар үшін қолданыстағы заңнамада қарастырылған құқықтар мен мемлекеттік кепілдіктерді іске асырудың толықтығы мен сапасын қамтамасыз етуге шоғырландыруы қажет. Жастар арасында партия мүшелерінің санын көбейтуді қамтамасыз етіп, партия мақсаттарына қол жеткізуде олардың әлеуетін тиімді пайдаланудың механизмін әзірлеу қажет. "Жас Отанның" қызметіне басқа да жастар ұйымдары мен қоғамдастықтарын тарту керек",- делінген құжатта. Партия мен мемлекеттік билік органдары үшін кадрлық толықтыруларға лайықты жас көшбасшыларды айқындау, дайындау және рекруттеу жүйесін құру қажет.

"Жас Отанның" мәліметінше, тек соңғы жылдың өзінде ғана жастар ұйымдарының саны екі есеге дейін өсіп, 700-ге жетті. 2011 жылға қарай "Жас Отан" ЖҚ өз жұмысына елімізде нақты жұмыс істейтін жастар ұйымдарының 90%-на дейін біріктіруді көздеуде.

Сондай-ақ, стратегияға сәйкес, "Жас Отан" жаңадан жастар ұйымдарын көптеп құруға септігін тигізбекші. "Ауылды елді мекендердегі әлеуметтік сала қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету және ынталандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ауылды жерлерге жұмыс істеуге келген мамандарға (мұғалімдер, дәрігерлер, мәдени қызметкерлер, жаттықтырушылар, әлеуметтік саладағы қызметкерлер және т.б.) әлеуметтік қолдау көрсету және ынталандыру шараларын қолдануға байланысты ұсыныстар дайындалады. "Өмірге жолдама", "Екпінді құрылыс - серпінді жобалар", "Өз бизнесіңді аш!", "Өз үйіңді сал!" сияқты арнайы жобалар іске асырылатын болады.

Сондай-ақ, құжатта айтылғандай, республикада жастардың барлық топтарының әлеуметтік жағдайының айқын мониторинг жүйесі, жастардың құқықтарына кепілдік берілген заңнама нормаларының барлық салаларын (білім алу, денсаулық сақтау, еңбек және жұмыс істеу, әлеуметтік қорғау, ойын-сауық) сақтау оң жолға қойылады. Институттар ашылып, барлық деңгейде жастардың құқықтарын ілгерлету және қорғау үшін тиісті жағдай қамтамасыз етілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны