04.12.2007, 17:16 3105

Жасөспірімдердің өзін-өзі жазым етуіне қатысты Алматы полицейлері мен дәрігерлердің мәліметтері 10 есеге жуық айырмашылықта

Жасөспірімдердің өзін-өзі жазым етуіне қатысты Алматы полицейлері мен дәрігерлердің мәліметтері 10 есеге жуық айырмашылықта

Алматы. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Жасөспірімдердің өзін-өзі жазым етуіне қатысты Алматы полицейлері мен дәрігерлердің мәліметтері 10 есеге жуық айырмашылықта. Алматы қалалық прокуратурасының жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларының себептеріне жүргізген талдауында осындай мәлімет келтірілген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Тексеру басталған кезде бірден көзге түскен жайт- осы мәселеге қатысты мемлекеттік органдардың арасындағы ықпалдастықтың жоқтығы және ішкі істер органдары мен медициналық мекемелердің статистикалық мәліметтерінің арасындағы айтарлықтай айырмашылық болды. Алматы қалалық білім департаментінде мұндай мәліметтер мүлдем болған жоқ", - деп хабарлайды прокуратура.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ішкі істер органдарының мәліметтеріне сәйкес, 2005-2007 жылдар аралығында Алматыда жасөспірімдер арасында өзін-өзі жазым етуге жасалған 16 талпыныс, соның ішінде 11 өлім оқиғасы тіркелген.

Алайда, Алматы қаласы бойынша жүргізілген прокурорлық тексеру қалалық кардиологиялық орталықта 2006 жылы және ағымдағы жылдың алғашқы жартысында жасөспірімдердің өзін-өзі өлімге қиюына қатысты 154 дерек тіркелген.

Токсикология бөліміне жеткізілген жасөспірімдердің ауыру тарихын тексерген кезде жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауға жасаған әрекеттерінің 34%-і отбасындағы шиеленістерге байланысты екендігі, ал қалған бөлігі түрлі жынысты балалардың арасындағы қарым-қатынасқа, сыныптас құрбыларымен, достарымен және көршілерімен арадағы араздыққа байланысты екендігі анықталған.

Психологтар мен педагогтар оқу орындарында өзін-өзі жазым етуге бейім балалардың психологиялық портретін жасап, реабилитациялық жұмыстар ұйымдастырылған. Жасөспірімдердің өзіне-өзі қайталап қол жұмсау оқиғасы тіркелген жоқ, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны