28.07.2015, 12:29 3323

Жедел-іздестіру шаралары барысында Көліктегі ішкі істер департаментініӊ Ұйымдасқан қылмысқы қарсы күрес басқармасы өзге де құқық қорғау органдарымен бірлесіп, 36 жастағы Оӊтүстік Қазақстан облсыныӊ тұрғынын ұстады.

Астана. 28 Шілде. Kazakhstan Today - Тексеру барысында аталған азаматтыӊ 2015 жылдыӊ қаӊтарында Өзбекстан Республикасыныӊ азаматшасынан қорқыту арқылы жаӊа туған нәрестені сату мақсатында ұрлап әкеткендігі белгілі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Департаменттіӊ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасыныӊ жедел әрекетініӊ арқасында аталған қылмыс дер кезінде ашылып, жолы кесілді.

Ұрланған баланыӊ қайда екендігі анықталды.

Ұсталған азаматтыӊ үстінен ҚР ҚК-ніӊ 125-бабыныӊ 2-бөліміне (Адамды ұрлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты "бұлтартпау шарасы" қолданылды.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны