08.05.2018, 22:05 4281

Жеӊіс күні қарсаӊында Алматы тұрғындары мен қонақтарын мазмұнды мерекелік бағдарламалар күтуде

9 мамырда сағат 11-00-де 28-ші гвардияшыл-панфиловшылар саябағында Ұлы Отан соғысындағы Жеӊіс күнінніӊ 73 жылдығына орай "Мәӊгілік алауға" гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Алматы. 8 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда 7-9 мамыр күндері өтетін мерекелік шаралар анонсы:

Жеӊіс күні қарсаӊында қала тұрғындары мен қонақтарын мазмұнды мерекелік бағдарламалар күтуде.

7 мамырда сағат 10-00-де Республика Сарайы алдындағы Абай алаӊында Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштері қатарына шақырылғандарға қатысты салтанатты шара өтеді. Шара барысында барлау бөлімшесі десант-шабуыл әскерлерініӊ көрсетілімі мен ҚР Мемлекеттік үрлмелі аспаптар оркестрініӊ мерекелік концерті болады.

Отан қорғаушы күні мерекесі аясында сахнада отандық эстрада жұлдыздары, соныӊ ішінде Нұрқат Сүйінбек, Ерболат Құдайбергенов, Monique, Айжан Нұрмағамбетова және басқалары өнер көрсетеді.

Сағат 11-00-де мегаполистіӊ барлық видеобордтарында "Отар" әскери базасындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ Жауынгерлік шеруінен тікелей трансляция ұйымдастырылады.

Дәл осы күні сағат 22-00-де Сайран өзені жағасында мерекелік салют болады.

"Ұлы дала ойындары" мерекелік фестивалі аясында мегаполисте бірқатар спорттық - бұқаралық шаралар жоспарланған.

7 мамырда сағат 10-00-де қалалық ипподромда ат спортыныӊ ұлттық түрлерінен жарыстар өтеді.

8 мамырда сағат 19-00-де Қазақстанда алғаш рет "Сұӊқар" спорт кешенінде "Белдесу" ұлттық күресі бойынша "Халық Барысы" ашық республикалық турнир өтеді. Бұл - ЮНЕСКО-ныӊ қолдауымен олимпиадалық емес спорттыӊ әлемдік желісіне енген еӊ көне ежелгі ұлттық күрес түрі. Турнирге еліміздіӊ әр өӊірінен мыӊға жуық палуан қатысады, оныӊ жүлделік қоры 20 миллион теӊге.

9 мамырда сағат 11-00-де 28-ші гвардияшыл-панфиловшылар саябағында Ұлы Отан соғысындағы Жеӊіс күнінніӊ 73 жылдығына орай "Мәӊгілік алауға" гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

"Бұл күні дәстүр бойынша әскери асхана ұйымдастырылып, мерекелік бағдарлама ұсынылады. Искери техника көрмесі, арнайы фотоаймақ, алғыс қабырғасы, тірі инсталляциялар мен театрландырылған қойылымдар жоспарланған. Бұлардан өзге, әрине соғыс жылдарыныӊ сүйікті әндері орындалады. Кез- келген жан оған қатысып, жеӊіс үшін құрбан болғандарды еске алады", - деп атап өтті Мәдениет басқармасыныӊ басшысы Ханзада Есенова.

Сағат 12-00-де "Астана" алаӊынан "Қаһарман Ұлт-Бессмертный полк" шеруі басталады. Шеру Төле би көшесінен Достық даӊғылына дейін, содан соӊ Достық даӊғылынан Қазыбек би көшесіне дейін барып, Зенков көшесінен 28-ші гвардияшыл-панфиловшылар саябағындағы Даӊқ Мемориалына барады.

Дәл осы күні сағат 20-00-де "Астана" алаӊында қазақ эстрада жұлдыздарыныӊ қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылады. Еліміздіӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Александр Беляковтыӊ басшылығымен эстрадалық-симфониялық оркестрдіӊ орындауында соғыс жылдарыныӊ танымал әндері шырқалады.

Мерекелік шара соӊы сағат 22-00-де "Астана" алаӊындағы салютке ұласады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны