25.06.2009, 15:12 2975

Жезқазғанда әкімнің кеңесшісі жалған декларация тапсыруға байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жезқазғанда әкімнің кеңесшісі жалған декларация тапсыруға байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жезқазған. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жезқазғанда әкімнің кеңесшісі Серік Рахымов 2008 жылғы декларацияда кірісі мен дүние-мүлкі туралы жалған ақпарат беруге байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне қала прокуроры Ғарифолла Айранбаев хабарлады.

Прокурордың айтуынша, кейбір мемлекеттік қызметкерлердің салық салу нысаны болып табылатын кірісі мен дүние-мүлкі туралы жалған ақпарат беру түріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу оқиғалары қалалық әкімдіктегі тексеру кезінде анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны