27.12.2006, 14:56 3115

Жезқазғанда қаңтар айынан бастап қоғамдық көліктердегі жол ақысы көтеріледі

ЖЕЗҚАЗҒАН. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today. Жезқазғанда 2007 жылдың қаңтар айынан бастап қоғамдық көліктердегі жол ақысы көтеріледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар транспорты мен автокөлік жолдары" мемлекеттік басқармасының бас маманы Рамазан Какеев хабарлады.

"Қалалық әкімшілікте құрылған арнайы комиссияның шешімі бойынша 2007 жылдың 5-қаңтарынан бастап қоғамдық көліктердің жол ақысы 25 теңгені құрайды",-деді Р. Какеев.

"Басында барлық тасмалдаушылар бағаны 35 теңгеге көтеруді ұсынған. Ирине, жанармай мен қосымша бөлшектердің құны да аз емес, бірақ біздің маршруттарымыз бойынша жол ақысын 75 пайызға көтеру - шектен шыққандық", - деді ол.

Р. Какеевтің сөзіне сүйенсек, комиссия барлық қажетті есептері жүргізе келе, билеттің орташа бағасын 25 теңге деп бекітті, онымен тасымалдаушылар да келісіп отыр. "Біз ортақ пікірге келдік. Бағаны небәрі 5 теңгеге көтеру, әрине жақсы нәтиже екеніне келісіңіздер. Сондай-ақ, жолаушыларға 2000-2006 жылы шыққан автобустармен қызмет көрсетіледі. Яғни, басым бөлігі жаңа. Бұл - Қазақстан бойынша ең төмен баға екендігін айтып өткен жөн", - деді Р. Какеев.

Сонымен қатар, ол қатарына мүгедектер мен студенттер кіретін жеңілдетілген топтарға қатысты мәселе аяғына дейін шешілген жоқ. "Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен 7 жасқа дейінгі балалар үшін жол жүру ақысы тегін болатыны анық. 1 сыныптан 8 сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары үшін билет бағасынан 50 пайыздық жеңілдік қарастырылуда. Ал, мүгедектер мен студенттер үшін шешілмеген бірқатар мәселелер бар, олар жуық арада шешімін табатын болады", деді Р. Какеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны