13.05.2020, 19:52 4126

Жіберілген чек үшін ұялы телефон балансын толтыруға болады

Акция 2020 жылдың 13 мамырынан басталып, жылдың соңына дейін жалғасады.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Жіберілген чек үшін ұялы телефон балансын толтыруға болады.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жыл сайынғы "Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!" акциясын іске қосты. Оның мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.

Әрбір тұтынушы сатып алынған тауар (жұмыстар және қызметтер) үшін чекті мобильді қосымша (Wipon тегін қосымшасы) арқылы жібере алады және күн сайын ұялы телефон теңгеріміне ақша қаражатын ұтып алу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады, онда факт расталғаннан кейін телефон теңгерімі толықтырылады.

Акция 2020 жылдың 13 мамырынан басталып, жылдың соңына дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны