13.09.2012, 14:58 3062

Жыл аяғына дейін жаңадан 5 халықаралық әуе бағдары ашылады

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы көлік ведомствосына 7 сағаттық ұшу шеңберінде әлемнің ірі қалаларымен тікелей әуе қатынасын ашуды тапсырған еді. Биыл Астана - Ташкент, Астана - Баку, Астана - Санкт-Петербург және Алматы - Қазан бағдарлары ашылды.

"Эйр Астана" мен "Скат" жыл соңына дейін жаңадан 5 халықаралық әуе бағдарын, атап айтқанда Астана - Ұлан-Батыр, Астана - Бейжің, Алматы - Сания, Қарағанды - Үрімші және Шымкент - Үрімші жаңа халықаралық бағдарларын ашуды жоспарлап отыр.Бұл туралы Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы көлік ведомствосына 7 сағаттық ұшу шеңберінде әлемнің ірі қалаларымен тікелей әуе қатынасын ашуды тапсырған еді. Биыл Астана - Ташкент, Астана - Баку, Астана - Санкт-Петербург және Алматы - Қазан бағдарлары ашылды.

Ирбір жаңа халықаралық бағдардың ашылуының артында Қазақстанның авиациялық билігінің құқықтық негіз қалыптастыру бойынша атқарған қыруар еңбегі тұр. Мәселен, ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Гонконгпен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, Украина және Грузиямен хаттамаға, ҚХР, Үндістан және Иорданиямен меморандумдарға қол қойылды. Украина, Үндістан және Иорданиямен әуе қатынасы туралы келісімдердің жаңа жобалары дайындалды. Пәкістанмен жаңа рейстерді ашу туралы меморандумға қол қою, БАИ, Украина және Люксембургпен әуе қатынасы туралы келісімдерге қол қою жоспарланып отыр.

Жаңа халықаралық әуе бағдарларының ашылуы туризмнің және елдер арасында сауда-экономикалық қатынастардың дамуына серпін беріп, отандық әуежайлардың табысын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны