24.06.2008, 17:19 3196

Жыл сайын электронды қалдықтардың 20-дан 50 млн тоннасы өңделмей, қоқыстарға тасталады - ЮНЕП

Жыл сайын электронды қалдықтардың 20-дан 50 млн тоннасы өңделмей, қоқыстарға тасталады - ЮНЕП

Алматы. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жыл сайын электронды қалдықтардың 20-дан 50 млн тоннасы өңделмей, қоқыстарға тасталады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) мәліметтерінде осы жайлы баяндалған. Кеше Бали аралында басталған Қауіпті қалдықтардың шекаралық тасымалын бақылау және оларды жою жөніндегі Базель конвенциясына қатысушы 170 елдің тоғызыншы конференциясында электронды қалдықтарды өңдеу проблемасын талқылады. Бес күндік кездесуге қатысуға 100-ден астам үкіметтердің өкілдері келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасай отырып.

ЮНЕП мәліметтеріне сүйенсек, жыл сайын осындай қалдықтардың жиырмадан елу млн тоннасы өңделместен, қоқыстарға тасталады. Тек АҚШ-тың өзінде жыл сайын 14-20 млн компьютер лақтырылады екен. Олардың құрамында қорғасын, сынап, және басқа да зиянды қалдықтар бар екені белгілі. Ұялы телефондардың жағдайы да осы секілді. Биыл осындай телефондарды пайдаланушылар саны 3 млрд-қа жеткен. Мұндай алғашқы 1970 жылы пайда болып, 2004 жылы 1,76 млрд пайдаланушыға ие болған. тиісінше "ұялы қалдықтардың" көлемі де шапшаң өскен. Балиде өткен кездесуде қолданыстан шыққан телефондарды жою жөніндегі техникалық кеңестердің жаңа тізімі мақұлданатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны