18.12.2012, 15:02 3099

Жылдың басынан бері республикада 187 ХҚО жаңартылды

"2011 жылы 28 ХҚО жаңартылса, 2012 жылы - 187 орталық жаңартылды. Жылдың соңына дейін тағы 37 Орталық жаңартылмақ", - делінген ведомство хабарламасында.

Астана. 18-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы Қазақстанда 187 Халыққа қызмет көрсету орталығы жаңартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"2011 жылы 28 ХҚО жаңартылса, 2012 жылы - 187 орталық жаңартылды. Жылдың соңына дейін тағы 37 Орталық жаңартылмақ", - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кету керек, 2013 жылдың бірінші тоқсанында Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 20 мемлекеттік орган желісі бойынша мемлекеттік қызметтердің 150 астам түрі көрсетілетін болады.

Оған қоса, Орталықтарды жаңартудың аясында азаматтарға қызмет көрсетудің сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс жүргізілуде.

Атап айтқанда, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында орнатылған барлық бейнекамералардан мәліметтер келіп түсетін ситуациялық орталық құрылып отыр. Бұл шара орталықтардың жұмыс сапасына тұрақты мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Оған қоса, ХҚО мамандары аттестациялардан және біліктілікті жетілдіру курстарынан тұрақты өтіп тұрады.

Тағы бір айта кететін жайт, республикада мемлекеттік қызметтердің кеңейтілген тізбесі көрсетілетін мамандандырылған орталықтар іске қосылуда. Мысалы, Қарағандыда автокөлік иелеріне мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандандырылған бірінші ХҚО ашылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны