29.12.2011, 12:57 3301

Жылу беру маусымы басталғанан бері еліміздің инженерлік желілерінде 361 апат орын алды

Аталған апаттардың 330-ы сумен жабдықтау желісінде, 31-і жылумен жабдықтау желісінде орын алған. Сонымен қатар қуаты 100 Гкал/сағатқа жететін қазандықтардың 7 мәрте тоқтауы тіркелген.

Астана. 29-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жылу беру маусымы басталғанан бері еліміздің инженерлік желілерінде 361 апат орын алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Құрылыс ісі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық агенттігі төрағасының орынбасары Жандос Икімжанов мәлім етті.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған апаттардың 330-ы сумен жабдықтау желісінде, 31-і жылумен жабдықтау желісінде орын алған. Сонымен қатар қуаты 100 Гкал/сағатқа жететін қазандықтардың 7 мәрте тоқтауы тіркелген.

"Халықты жылумен қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді жедел шешу үшін әкімдіктерге ұсынылған ақпараттардың шынайылығына назар аудару және агенттікке дер уақытында хабар беруі қажет деп санаймын. Толықтай алғанда әкімдіктердің орын алған апаттық жағдайларды уақытылы жойып отырғандығын атап өткен орынды", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны