17.04.2009, 18:35 3446

Жоғарғы сот төрағасы Қазақстандағы судьялардың кәсіби біліктілік деңгейінің төмендігін атады

Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Илімбеков Қазақстандағы судьялардың кәсіби біліктілік деңгейінің төмендігін атады. Ол бүгін Жоғарғы сотта облыстық және аудандық сот төрағаларының қатысуымен өткен селекторлық кеңесте осындай пікір білдірді.

Астана. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Илімбеков Қазақстандағы судьялардың кәсіби біліктілік деңгейінің төмендігін атады. Ол бүгін Жоғарғы сотта облыстық және аудандық сот төрағаларының қатысуымен өткен селекторлық кеңесте осындай пікір білдірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз бүгінгі күні екі бағытта жұмыс істеуге тиіспіз. Біріншіден, судья мамандардың арасындағы тазалық үшін және екіншісі - кәсіби біліктілік деңгейінің төмендігін түзету бағытында", - деді ол.

"Біз соңғы бес жылда еліміз бойынша өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін және өзге де себептермен 108 судьяны қызметінен босаттық. Бұл сот органдарының қызметіне қатысты жетілмеген мәселелердің әлі де болса бар екендігін көрсетеді. Яғни, біз бұл бағытта дұрыс жұмыс істей алмай отырмыз", - деді Жоғарғы соттың төрағасы Мұсабек Илімбеков.

"Жақында сот органдарының ұйымдастыру-сараптамалық қызметіне тиісті өзгерістер енгізілетін болады. Оған сай егер бұрын сот органдарына қатысты тексеру жұмыстары аймақтардың барлығында бірдей жүргізіліп, тиісті баға берілетін болса, енді біз бұл бағаны өзінің әлсіздігімен көзге түскен қызметкерлерге береміз. Айта кетейін, тек заң аясында жұмыс істеп, өз қызметін абыроймен атқарып жүрген судьяларды біз тексеруден босатамыз. Оларды мүлдем мазаламауымыз керек. Біз бірінші кезекте сот жүйесіне проблема тудырып отырған азаматтармен жұмыс істейміз", - деді Жоғарғы сот төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны