21.06.2007, 17:42 2756

Жоғары соттағылар қазақстандық балаларды халықаралық асырап алуға тыйым салуды қолдайды

АСТАНА. 21-маусым. Kazakhstan Today. Жоғарғы соттағылар қазақстандық жетім балаларды халықаралық асырап алуға тыйым салуды қолдайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстандық балаларды шетелге жіберудің қажеті жоқ. Біз өз балаларымызды өз қамқорлығымызға алуға тиіспіз. Өйткені, Қазақстанда демографиялық проблема бар, оның үстіне қоғам әлеуметтік-экономикалық тұрғыда кемелдене түсуде",- деп мәлімдеді бүгін Астанада ҚР Жоғарғы сотыынң азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы Мұсабек Илімбеков Бала асырап алу жөніндегі халықаралық комитеттің ұлттық кеңесінің төрағасы Уильям Блаккуаирмен кездесуде.

"Қоғамда балаларды халықаралық асырап алуға қатысты қарама-қайшылық жоқ, тек тастанды балалардың тағдырын өз бетімізбен шешуге деген беталыс бар",- деді ол.

Өз кезегінде шетелдік сарапшылар Жоғарғы сот өкілін АҚШ отбасыларының бала асырап алуға деген ақ пейіліне сендіріп бақты. Сонымен бірге, Уильям Блаккуаирдың айтуынша, АҚШ пен Еуропалық елдерде бала асырап алуға қатысты бірқатар шектеулер бар. Оның айтуынша, АҚШ-та бала асырап алу жөніндегі шешімді сот шығарады.

М.Илімбеков мейманға Қазақстандағы бала асырап алу тәжірибесінен әңгімелеп берді. Қазақ халқының отбасы және отау құруға қатысты қарым-қатынастарының ерекшеліктеріне тоқталды. Тастанды балалар тауқыметі тек қалалық балаларға ғана қатысты екендігі атап көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны