12.09.2006, 13:33 2866

Жол апаттарының өсуіне жүргізушілердің сапасыз дайындығы себеп - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

ОРАЛ. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today. Батыс Қазақстан облысында жол апатының көбеюіне жүргізушілерді сапасыз дайындау басты себеп, деп мәлімдеді облыс жолдарындағы қауіпсіздік проблемаларына арналған мәжілісте облыс әкімінің орынбасары Асқат Акчурин.

"Сапасыз жүргізушілерді саралау оқу орнынан басталды. Біріншіден, оқуға кімдер барады, екіншіден, ол қандай деңгейде білім алып шығады. Изірге жол апатының негізгі себебі нақ осы жүргізушілерді сапасыз дайындауда жатыр",-деп мәлімдеді А.Акчурин. Оның ақпаратына қарағанда, автомектеп түлектерінің 40% бірден тестілеуден өте алмайды.

Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысында жүргізушілер даярлдайтын 31 оқу орны бар. Алайда, оқу орнының басшылары жол апаты санының өсуіне ең әуелі материалдық жабдықтардың жетіспеуі, жүргізу тәжірибе сабақтарын толығымен өту үшін қажетті көліктер мен жанармайдың тапшылығы басты себеп , деп есептейді.

Жыл басынан бері облыс жолдарында 109 жол апаты тіркелді, салдарынан 49 адам көз жұмып, 101 адам жарақаттанды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны